Аграрлық саланың ауқымы кең

– Сонымен қатар, биылғы жылы Қызылорда облысы 500 тонна етті экспортқа шығаруы тиіс. Мұны Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен. Сондықтан облыс орталығы мен аудандарда орналасқан 4 бордақылау алаңы ашылатын болады. Сондай-ақ, Қызылорда қаласындағы ет комбинатының құрылысы аяқталады деп межеленіп отыр, – деді облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов.
Бүгінгі таңда облыста аграрлық салада ауқымды жұмыстар атқарылу үстінде. Оның үстіне аймақ тұрғындарының 60 пайызы елді мекендерде қоныстанған.
Сыр өңірінде мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 3 млрд. текше метр тасқын су жинайтын 6 су қоймасын салу жоспарланып отыр. Олардың ішінде ең ауқымдысы – 1,5 млрд. текше метр су жинайтын «Қараөзек» және 600 млн. текше метр су жинайтын «Күміскеткен» су қоймалары. Себебі, жыл сайын Үлкен Арал теңізіне қайтарымсыз кететін 3-4 млрд. текше метр суды «Күміскеткен» және «Қараөзек» су қоймаларына жинап, егістікті сумен қамтамасыз етуге, мал және балық шаруашылығын дамытуға жағдай жасалатын болады.
Сондай-ақ, жердің пайдаланылуы мен қорғалуын қамтамасыз ету бағытында бірқатар жұмыстар атқарылған. Айталық, былтыр мемлекеттік бақылау шараларымен көлемі 43537 гектарды құрайтын жер учаскелері қамтылып, 172 құқықбұзушылық анықталған. Олардың 106-на айыппұл салынып, 38-іне ескерту түріндегі әкімшілік жазалар, 28-іне заңбұзушылықты жою туралы нұсқамалар берілген. Бүгінгі таңда салынған айыппұлдардың 94,3 пайызы өндірілген.
Биболат Сағындықұлы.