Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Әлемге кезген әуендер

Әлемге кезген әуендер

  Облыстық филармонияның камералық оркестрі Балқан түбегіндегі Босния және Герцеговина, Сербия, Венгрия мемлекеттерінде түркітілдес елдердің қатысуымен өтетін камералық оркестрлер фестиваліне қатысады. Осыған орай Қызылорда қаласында өнер ұжымының гастрольдік сапар алдындағы есеп беру концерті өтті. Н.Бекежанов атындағы драма театрда өткен шараға облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов қатысты.
Концертте шетел және қазақстандық композиторлардың үздік туындылары нақшына келтіре ойналды. Жұртшылық Моцарт, Антонио Вивальди, Джеймс Ласт, Джакомо Пуччинидің үздік шығармаларын ерекше ықыласпен тыңдады. Ал, көптеген байқаулардың лауреаты, қобызшы Айнуза Бегімсалова «Қаракемер» күйін орындап, тұтас залды ұлы даланың қоңыр әуенімен бөлей түсті.
Бүгінде облыстық филармонияда бүгінде 7 өнер ұжымымен қатар, эстрадалық орындаушылар және жыршы-термешілер елге қызмет көрсетеді. Ал, облыс әкімінің тікелей қолдауымен 2014 жылы құрылған оркестр құрамы содан бері кәсіби мамандармен толықты. Еліміздің өзге қалаларынан арнайы шақыртылған өнерпаздар шығармашылық ұжыммен бірге қазір талай сахнада көпшіліктің көзайымы болып келеді. Осындай тынымсыз еңбек пен ізденістің арқасында оркестр көптеген республикалық фестивальден жүлделі оралды.
Өнер жанашырлары жиналған керемет шарада аспап пен адам, саз бен сана, иірім мен үйлесім кештің көркін ерекше аша түсті. Шығармашылық ұжым репертуары шоқтығы биік туындылармен толыққанын тағы бір көрсетті. Сондай-ақ, әлемге әйгілі шығармалармен бірге, Құрманғазы, Дәулеткерейдің күйлері де орындалды. Камералық оркестрдің көркемдік жетекшісі – Анар Жаңбырбаева болса, дирижері ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, профессор, композитор – Анвар Акбаров.
  – Оркестрде виолончель, контрабас, фортепиано, скрипка сынды музыкалық аспаптар қамтылған. Танымал композиторлар ғана емес, Алмас Серкебаев сынды жас өнер иелерінің де туындыларын орындаймыз. Жуырда ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы камералық оркестрінің өнерпаздары бізге келіп, ұжыммен бірге дайындық жұмысын жүргізуде. Бұл – өнер ұжымы үшін өте пайдалы тәжірибе алмасу, – деді Анар Жаңбырбаева.
Оркестр өнерін тамашалау – нағыз рухани демалыс. Тірі музыка даңғаза әуенге қарағанда ерекше әсер етеді. Жақын күндері оркестр шетел көрермендерімен жүздеседі. Өнер иелері ауқымы кең, айтары мол фестивальдан мол тәжірибемен оралып, елдің рухани қазынасын арттыру мақсатында еңбек ететіні анық.
– Бір байқағаным, біздің өңірде де аталмыш өнер жанрына қызығушылық танытатындар қатары артып келеді. Ұйып тыңдап, қошемет білдіріп жатқан көрерменді көріп, қуанып қалдым. Демек, камералық оркестр бізде өз аудиториясын қалыптастырып келе жатыр деген сөз. Алдағы күндері Босния және Герцеговина, Сербия, Венгрия мемлекеттерінде өтетін камералық оркестрлер фестиваліне еліміздің атынан өнер көрсететін ұжымға сәттілік тілеймін, – дейді Айдар Үсенов есімді тыңдарман.
Сыр жұртшылығы камералық музыканы ұйып тыңдап, оркестр ұжымына зор қошемет білдірді. Ал, сан тарапты әуен тілімен тоғыстырып, әсерлі кеш сыйлаған шығармашылық ұжымға жиын соңында облыс әкімінің ықылас гүлі тарту етілді.
Биболат Сәтжан.
16 ақпан 2019 ж. 1 138 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам