Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Диетолог қарындағы майды кетіретін 6 тағамды атады

Диетолог қарындағы майды кетіретін 6 тағамды атады

    Шетелдік басылым қарындағы майды кетіретін тағамдар тізімін жариялады.  Диетолог Марият Мухина қарындағы майды кетіретін бірқатар азық-түлік түрін атады, деп хабарлайды РИА Новости РЕН ТВ арнасына сілтеме жасап.
Бұдан бұрын BMC Medicine ғылыми журналы қарындағы майды кетіруге септігін тигізетін тағамдар тізімін құрастырған еді. Сарапшылар тауықтың еті мен жұмыртқасы, қызыл жасымық, бадам, тунец және пеште пісірілген бұршақ тектестердің пайдасын ерекше атап өтті. Олардың пікірінше, негізінен нәруыздармен қоректену зат алмасу процесін жылдамдатып, асқа деген тәбетіңді төмендетеді.
Диетологтың сөзіне сүйенсек, қарындағы артық салмақпен күресуде дұрыс тамақтанып, негізінен нәруыз-көмірсу диетасын ұстанған жөн. Ол атап өткендей, майды кетіретін тағамды жеумен шектелуге болмайды. Бұдан бөлек, бірнеше ас түрінен бас тартқан абзал.
"Бұл екі жақты мәселе – пайдалы тағамдарды көбейтіп, зияндысынан бас тартамыз", - дейді Мухина.
Диетолог түсіндіргендей, нәруыз молекуласы майды кетіруге көмектеседі, бірақ олардың әсері болуы үшін, ашығуға болмайды.
Бұдан бөлек, сарапшы ескерткендей, бұршақ тектестерді пеште пісірген жөн, сонда пайдалы заттары сақталады. Ал бадам өсімдік майына бай, жасымық пен бұршақ тектестерде нәруыз бен өсімідік талшықтары көп. Тауық еті, тунец және жұмыртқа диета ұстағанда жиі пайдаланылатын нәруызды тағамдар болып саналады.
sputniknews.kz

18 ақпан 2019 ж. 938 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 450 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам