Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Сахнаның сары алтыны – Сәбира

Сахнаның сары алтыны – Сәбира

    Саф өнердің шыңы, мөлдір бұлағы, сахна сәні атанған Сәбира Майқанованы Сыр жұртшылығы тағы бір мәрте еске алды. Тасбөгет кентіндегі сахна саңлағының есімі берілген мәдениет үйінде КСРО және Қазақстаннның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты С.Майқанованың дүниеге келгеніне 105 жыл толу құрметіне орай «Сахнаның сары алтыны – Сәбира» атты әдеби-сазды кеш өтті.
         Еске алу кешіне Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Бақытбек Алпысбаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Кәмила Әбжанова, Мәдениет саласының үздігі, С.Майқанованың немере інісі Балтабай Нұржанов сынды өзге де өнер майталмандары қатысып, сахна еркесі туралы ыстық естеліктерімен бөлісті.  
         С.Майқанованың сан қырлы дарыны, жарқын естеліктерімен ел есінде сақталып қалды. Оның бүкіл болмыс-бейнесі әртүрлі жанрда жарқырап көрініс тапты. Актриса әйел-ана рөлдерін жан жүрегімен беріле, айрықша шынайылықпен ойнай білгені соншалық оның сомдауындағы әйел образы әлі күнге дейін кейінгі өнерпаз буын үшін үлкен өнеге болып келеді. Мәселен, М.Әуезовтің «Абайындағы» Ұлжан, «Қарагөзіндегі» Мөржан, С.Мұқановтың «Шоқан Уәлихановындағы» Зейнеп, Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлуындағы» Мақпал, «Ақан сері-Ақтоқтысындағы» Дәмелі, Э.Раннеттің «Адасқан ұлындағы» Леэна Туйск, Н.Хикметтің «Фархад-Шырынындағы» Сүт-ана, Ш.Айтматовтың «Ана – Жер-анасындағы» Толғанай рөлдерінде актрисаның талант қуаты, адами болмысы мен азаматтық тұлғасы айқындала түсті. Сахна саңлағы шығармашылығының шыңы да осы – Ш.Айтматовтың «Ана-Жер-анасындағы» Толғанай бейнесі үшін оған 1967 жылы Мемлекеттік сыйлық берілгені белгілі.
        
Бағлан ЖАРЫЛҚАПҚЫЗЫ.
19 ақпан 2019 ж. 1 353 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 034 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам