Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызықты әңгімелер әлемі

Қызықты әңгімелер әлемі

  Облыстық тілдерді оқыту орталығы игі бастаманы қолға алды. Он кітаптан тұратын «Қызықты әңгімелер әлемі» топтамасы жарық көрді. Оған еліміздегі және жергілікті ақын-жазушылардың шығармалары енгізілген.
Тілдерді оқыту орталығы атқарушы органдарда қызмет істейтін азаматтарға арнап қазақ тілі курстарын ұйымдастырады. 2008 жылы ашылған мекемеде қазір 35 адам еңбек етеді. Облыстың әрбір ауданында 3 маманнан бар.
2016 жылдан бастап мемлекеттік мекеме есебінде қайта құрылған орталықта оқытушылар толғандырған мәселелерді ортаға салып тұрады. Осындай жиындар нәтижесінде 2013 жылы орталық «Асыл сөз» оқыту кешені тұсауын кесті. Қазақ тілін жоғары деңгейде оқытуға арналған кешен бүгінде өз тиімділігін дәлелдеп үлгерді. Қазіргі таңда орталық тәжірибесі еліміздің өзге облыстарында да үнемі қолданылып келеді. Тілдерді оқыту орталығының мұнан да басқа табысқа толы ізденістері көп.
Жалпы, бұл бағытта тілдік орта және жалғастық деген екі маңызды фактор бар. Аптасына екі реттен 5-6 айға созылған курстардан тіл үйренуші жалығады. Сол себепті тілдік ортадан қайта-қайта қол үзіп, бір сабақта білгенін келесі сабақта ұмытып қала береді. Бір-бірімен байланысты тұтас бағдарламаны аз ғана уақыт ішінде меңгеріп алу, тіл үйренушінің өзіне деген сенімділігін оятар еді. Мұндай тәжірибе өзін-өзі ақтайды. Десек те, бұл жерде ең бастысы, адамның өз қызығушылығы басты орында болуға тиіс.
Сондықтан орталық әдіскерлері курстарға қатысушылардың қызығушылығын ояту үшін еліміздегі және жергілікті белгілі қаламгерлерінің қаламынан туған дүниелерден топтама құрастырған. Олардың әрбірінде көлемді шығармалардан қызықты үзінділер келтіріліп, олар бойынша тапсырмалар берілген.
Аталмыш идеяның авторы, орталықтың оқу-әдістемелік бөлімінің басшысы Әсел Бақытова жинақтың авторлық құқығын алу, таралымын көбейту бойынша жұмыс жасалып жатқанын айтады. Әзірге он кітаптың әрқайсысы 200 данамен басылып шыққан.
– Жинақ орталықтың қазақ тілінің өрісін кеңейтуге өз тарапынан атсалысуы үшін құрастырылған. Қазіргі кезде біз де өз тарапымыздан тиісті орындарға бірқатар ұсыныстарымызбен шығып отырмыз. Әңгімелер жинағының көркемдік деңгейін көтеру, иллюстрация жағынан қолдау қажет. Облыстық ішкі саясат басқармасы бастамасымен бұл бағытта да мүмкіндіктер қарастырылуда, – деді Ә.Бақытова.
Расында да, жинақтағы әрбір шығармаға сурет салынып, жинақ графика немесе живописьпен безендірілсе, оған жұрттың қызығушылығы еселене түсер еді. Жобаның ең басты мақсаты – қазақ жазушыларының шығармаларындағы әртүрлі кейіпкерлердің мінез-құлқына, түр-келбетіне, қызықты оқиғаларға арналған сериялы комикстер жасау. Орталық мамандарының айтуынша, лайықты қаламақы белгіленсе, жобаны дамыта түсуге септігін тигізетін өнер иелерінің қатары көбейе түседі.
«Қызықты әңгімелер әлемі» атты жинақта Сәбит Мұқанов, Ілияс Есенберлин, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Әбіш Кекілбаев, Дүкенбай Досжанов, Сұлтанәлі Балғабаев секілді қаламгерлердің шығармасы қамтылған. Алдағы уақытта жинақтың таралымын, қолдану аясын кеңейтуге назар аударылады.
Биболат Сәтжан.
19 ақпан 2019 ж. 1 579 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 450 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам