122 жүргізушіге жәрдемдесті

Көктайғаққа байланысты күшейтілген кезекшілікке жұмылдырылған ЖПҚБ патрульдік полиция қызметкерлері мұнан өзге «Ресей-Шымкент» бағытындағы үлкен сыйымдылықты автобус жүргізушілері мен жолаушыларын жол бойындағы дәмханаларға орналастырды. Жол қауіпсіздігі мен сәтсіз жағдайлардың алдын алу мақсатындағы шара нәтижесінде барлығы 267 азаматқа көмек көрсетілді.
Осы күні 20 автокөлік жол шетіне шығып қалды. Олардың қатарында Қармақшы ауданы аумағындағы Ақтөбеден Шымкентке жол тартқан «Шевроле Круз» автокөлігі бар. Рота инспекторлары бірнеше автокөліктің жүргізушілері мен жолаушыларына алғашқы көмек көрсетті. Зақымданған автокөліктерді жақын маңдағы көлік жөндеу орталықтарына жеткізді.
«СБ» ақпарат.