"Тәтті кітаптар" фестивалі өтті
Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде тұңғыш рет «Tasty books» фестивалі өткізілді. Оқушылар сүйікті кітаптары бейнеленген кондитерлік өнімдерді әзірлеуден өзара сайысты.
Жасөспірімдердің кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған ерекше шараға мектептің 14 шаңырағы қатысты. Командалар тәттілерден сүйікті кітап мұқабасы мен кейіпкерлерін жасаудан сайысқа түсті. Кондитерлік өнімдерде Экзюперидің «Маленький принц», Гогольдің «Ночь перед рождеством» және Нәжімеденовтың «Менің Қазақстаным» секілді шығармалары мен мен«Гарри Поттер»мен «Золушка» кейіпкерлері көрініс тапты.
«Сайыстың шарттары бойынша «тәтті» кітаптардың креативтілігі мен тақырыпқа сай келуі ерекше бағаланды, – деді мектептің педагог-ұйымдастырушы-кураторы Ақбота Жұмабаева. – Қатысушы топтар командалық жұмыста кулинария мәдениетін сақтай отырып өте әдемі кітап- торттарын әзірлеп, шығармалардың мазмұнын жеткізе білді».
«Tasty books» фестивалі мектептің «100 кітап» жобасы аясында өткізілді. «Тәттілерді әзірлеуге бізге ата-аналар көмектесті, – дейді 8-сынып оқушысы Әйгерім Серікбай. – Біз оқырмандар арасында ерекше қызығушылыққа ие Гарри Потер кейіпкері бейнеленген торт әзірледік. Сыйластық, адалдық, кешірімді болу сынды құндылықтар көрініс тапқан бұл шығарманы өзгелерге оқуға кеңес бердік».