Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылорда облысында электронды кітапханалар жасақталуда

Қызылорда облысында электронды кітапханалар жасақталуда

   Қызылордада «Мирас» аймақтық кеңесінің мүшелері аймақтық-электронды кітапханаларды жасақтау мәселелерін талқылады.
Айта кетейік, «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры «Нұр Отан» партиясының «Bilim Ortalygy» жобасы аясында «Kitap.kz – Қазақстанның ашық кітапханасы» жобасын жүзеге асыруда.
Жоба бойынша 12 коворкинг орталығы ашылып, олар интернет желісі, заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталды. Биыл аудан орталықтары мен ірі елді мекендерде тағы 17 орталық ашу жоспарланып отыр. Жиын барысында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана директоры Нұржамал Мырзамұратова жұмыстарды атап өтті.
– Біз 31 мыңнан астам оқырманға қызмет көрсетеміз. Оның 11500-ден көбі – 14 пен 29 жас аралығындағы жастар. Қорымызда 414 533 кітап бар. Партиялық жоба аясында түрлі шаралар ұйымдастырылып келеді. Ақпарат пен электронды ресурстардың да қоры мол. Өткен жылы кітап қоры 4068 дана жаңа кітаппен толықты, – деді ол.
Жиын барысында кеңес мүшелері құжаттарды цифрлы форматқа көшіру, кітапхана қорын цифрландыру, қор сақталымын қамтамасыз ету, жетілдіру, қорға қолжетімдікті арттыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға ден қойды.
Еске салсақ, биыл 27 ақпанға дейін Сыр өңірінен 100 кітаптың электронды нұсқасын дайындап, Ұлттық аударма бюросына жолдау жоспарланған. Бұл бағыттағы жұмыс аталған кітапхана базасында жүргізіледі. Цифрлық форматқа бірінші кезекте өлкетану басылымдары, сирек кітаптар мен газеттер көшіріліп жатыр. Алғашқы қадам «Путь Ленина» және «Ленин жолы» өңірлік басылымдарын цифрлық форматқа көшіруден басталды. Қазіргі таңда өлкетану бағытындағы 6617 кітап цифрлы форматқа көшірілді. Ұлттық аударма бюросына жолдануы тиіс 100 кітаптың бүгінгі күні 80-і аударылып, Word, PDF нұсқалары жолданды.
Бағлан АЛТЫНБЕК,
Қорқыт ата атындағы ҚМУ студенті

21 ақпан 2019 ж. 1 006 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 449 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам