ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ САЙЛАНДЫ
Бүгін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Қызылорда облысы бойынша департаментінен, директор келісімімен Нұр Отан партиясы "Жас Отан" жастар қанатының бөлімше басшысы сайланды.
Бөлімше ашудағы мақсат – Елбасымыздың "Цифрлы Қазақстан" жобасын жүзеге асырудағы жастар үлесін арттыру әрі электронды үкіметтің жұмысын жастарға түсіндіру.
Жиынға "Жас Отан" ЖҚ Қызылорда қалалық бөлімшесінің басшысы Т.Тілес және мекеме қызметкерлері қатысты. Бөлімше басшысы қызметіне департамент директорының орынбасары Қадырбай Жандос ұсынылып, кандидат бірауыздан сайланды. Жиын барысында Т.Тілес "Мысалға алып қарасаңыз E.GOV электронды порталында 700-ден астам қызмет көрсетулер бар. Тіпті үйде отырып кей жұмыстарды бітіруге болады. Қазір осы электронды үкіметті насихаттау мақсатында "Жас Отан" жастар қанатының жанынан еріктілер тобы құрылды. Еріктілеріміз осы электронды үкіметті меңгеру үстінде, толық оқытулар аяқталған соң қала жастарына түсіндірме жұмыстарын жүргізеді"- деді.