Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Жеке емханалар белсенділі ерекше

Жеке емханалар белсенділі ерекше

    Мемлекеттік әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры үстіміздегі жылы халыққа тегін қызмет көрсететін денсаулық сақтау нысандарымен келісімшарт жасасқан. Оның негізінде тегін медициналық пакеті шеңберінде мемлекеттік тапсырысты орындамақ.
– Осы жылдың қаңтар айында 74 медицина ұйымымен келісім-шарт бекітілді. Оның 30-ы – мемлекеттік, 44-і – жекеменшік емханалар. Өткен жылмен салыстырғанда жекеменшік емханалардың саны 16 пайызға жоғарылады. Одан бөлек жеке клиникалармен ұсынылатын медициналық көмек түрлері кеңейтілді. Мәселен, биыл оңалту және қалпына келтіру көмегін көрсету, стоматологиялық қызметтер бойынша жеке клиникалардың саны артқан, – деді өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ облыстық филиалының директоры Руслан Бектібаев.
Сондай-ақ, үстіміздегі жылы жекеменшік медицина ұйымдары стационарды алмастыратын көмек түрлерін көрсетуге белсенділік танытуда. Оның ішінде стационарлық көмек, амбулаторлық-емханалық көмек, ауылдағы амбулаторлық-емханалық көмек және консультациялық-диагностикалық көмек бойынша жеке жеткізушілер санының өсуі байқалған.
Ал облыс­тық денсаулық сақтау басқармасы бас­шысының орынбасары Олжас Ысқақовтың мәлімдеуінше, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі 2020 жылы толық енгізіледі.
 –  Бұл бастама ден­сау­лық сақтау саласының жұмысын жан­дандырады.  Былтыр 23 қосымша аймақ ашылған болатын. Цифрлы технология – аталған жүйенің алғышарты. Бүгінгі таңда аудандар мен шалғай елді мекендерде ғаламторды пайдаланады. Яғни, қағазсыз айналымды қолға алуда белсенділік таныту қажет, – деді О.Ысқақов.
                                                                                                          
Айтолқын БАТЫРБАЙҚЫЗЫ.
23 ақпан 2019 ж. 1 266 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам