Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » “Нашар анасың”: Айжан Нұрмағамбетова ұлының өзіне қандай айып таққанын айтты

“Нашар анасың”: Айжан Нұрмағамбетова ұлының өзіне қандай айып таққанын айтты

   Айжан Нұрмағамбетова ұлына жақсы ана бола алмағанына өкінеді. Есесіне бүгінде немере сүйіп үлгерген әже бұл олқылықтың орнын тырысып бағуда. Бұрындары гастрөлден бас тарта алмай, ұлының тәрбиесіне толық араласа алмаған әнші немерелерін бағуға келгенде концерттен де бас тартатын көрінеді.
Бұл туралы Hit-TV арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
“Ұлымның сөзіне қарап бағалайтын болсақ, мен онша жақсы ана емеспін. Ал әже ретінде тіптен жаманмын. Менің әже екенімді білетін шығарсыздар”, – дейді әнші.
Айтуынша, үнемі гастрөлде жүргендіктен, ол ұлының тәрбиесіне онша араласа алмаған. Ал Диасты Айжанның өзі емес, сіңлісі тәрбиелеген.
“Сіңлім мені алмастырды десем де болады. Ұлым тіпті, сіңлімді №1 анам, ал мені №2 анам деп атайтын. Үйдің берекесін кіргізіп, бәліш пісіріп отыратын кім десеңіз, ол менің сіңлім. Анам да сондай еді. Өзімнің бір ғана артықшылығымды атап өте аламын. Мен оны 4 жасқа дейін балабақшаға бермедім. Бірақ өзімнің кінәмнан емес. Сондай-ақ, екі жылға жуық еміздім. Қазіргі жас аналар солай жасай ала ма? Тек Ленинградқа гастрөлге кетуім керек болғанда емшектен шығардым”, – дейді әнші.
Нұрмағамбетованың айтуынша, ол гастрөлдерге таңдап бара алмаған. Сондықтан да ұлымды қалдырып кетуге мәжбүр болдым, дейді ол.
“Ол кезде қазіргідей емес. Барғың келсе, ұшақпен бір күнде барып келе саласың. Барғың келмесе бармайсың. Ол кезде бір апта үйде болсаң, екі ай гастрөлдесің”, – деп еске алады Айжан.
Әнші ұлына қалағанын әперіп, еркелетіп өсірмеген. Сондай-ақ, Диас анасының әнші болғанын аса ұнатпаған.
“13-14 жасында айқай салғаны бар. – Еңбек сіңірген әртіссің бе, басқасың ба, маған бәрібір. Одан да еден жусаң да, жанымда болғаның жақсы еді деді”, – деп еске алады Айжан.
Соған қарамастан, Диастың өзі үлкейген соң әнші болғысы келген. Ол отандық музыкалық байқауларға қатысқысы келген. Алайда анасы оған рұқсат бермепті.
25 ақпан 2019 ж. 1 867 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам