Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қоғамдық тыныштықты қорғаған

Қоғамдық тыныштықты қорғаған

     Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Жеті атаға дейінгі туысқанын «жақыным» деп құрметтеп, алыс туысын да «қаным» деп бауырына тартқан қазақ үшін отбасы ұлы құндылықтардың бірі саналған. Бүгінгі осы құндылықтарды жаңғырту, ыстық ұяның қадір-қасиетін жете бағалау – басты мәселенің бірі. Осы орайда, Қазақ елі өткен жылдан бері «Отбасы күні» мерекесін дәстүрлі түрде тойлап келеді.
         «Ұяда не көрсең, ұшқанда со­ны ілерсің» дегендей, адам ба­ла­сының іс-әрекеті де, арман-мақ­саты да, тіпті өмірлік бағыты мен мамандығы да өз отбасында қалып­тасады. Алып бәйтеректей әке мен отбасының ұйытқысына айналған анаға қарап, өзінің өмірлік жолын айқындап, ата дәстүрін жалғап, дәс­түрлі ісін жаңғыртып келе жатқан ізбасарларды көптеп кезіктіруге бо­лады.
         Осындай от­ба­сылардың қатарына бір шаңы­рақтың өрелі ісін жалғап, ішкі іс­тер органдарында бүгінде үшінші буыны абыройлы қызмет атқарып келе жатқан  Оразовтар  әулетін айта аламыз. Отбасындағы аяулы ата – Оспан өзі өмір бойы еңбек еткен құқық қорғау са­ласына адал қызмет еткен азамат. Өз мамандығын жоғары бағалап ғана қоймай, ба­лаларын да өз жолға баулыды.
         Ал, ата-ана аманатына адалдық та­нытып, ата жолын жалғап келе жатқан тәртіп сақшыларының бірі Серікбек 1972 жылы политехникалық техникумды бітіріп, 1976 жылы Қарағанды қаласындағы Жоғары милиция мектебін аяқтады. Сол жылы Қызылорда қалалық Ішкі істер бөлімнің қылмысты іздестіру бөліміне инспектор лауазымына тағайындалып, осы салада қызметін атқарды. Өмірінің отыз жылын құқық қорғау қызметіне арнап, 1995 жылы майор шенінде құрметті еңбек демалысына шықты.
Әулеттің үлкені – Қуаныш Оразов ішкі істер органдарында 1996 жылдан бері еңбек етеді. Қазіргі таңда де­партаменттің Экстремизмге қарсы іс-қимыл бас­­қармасы бастығы қызметінде. Қуаныш  әкенің ізін ба­сып, осы салада қыз­мет атқарып келе жатқанына жиырма жылдан асты.
Отбасы – ға­рыш­кердің де, полицейдің де, дә­рігер мен ұшқыштың да қанатын қа­тайтып, өмірлік бағыт беретін қарашаңырағы. Одан қазақтың ерік-жігері, күш-қайраты мықты батырлары мен халықтың тыныш­тығын күзете отырып, әке жолын жалғастырар адал әрі ержүрек ұр­пақ тәрбиеленіп шығатыны сөзсіз.
Қазақ «Атаға қарап ұл өсер, анаға қарап қыз өсер» дейді. Себебі, бала әке-шешесінің үлгі-өнегесін кө­ріп өседі. Ал, Отанына адал әрі абыройлы қызмет етіп, ел үшін от пен суға түсуге әзір жанның ұрпағы жігерсіз болмасы анық. Сондықтан, елдегі тұрақтылық пен халық тыныштығын күзеткен, елге қорған болып жүрген отбасында да Қазақ елінің болашақ қорғаушылары, батырлары тәрбиеленіп жатқанына сенім мол. Ішкі істер органдары қызметкерлері қоғамдық қауіпсіз­дікті күзете жүріп, ізін жалғар білікті кадр даярлап жатыр деуге әбден болады.
Б.МАХАМБЕТ
26 ақпан 2019 ж. 986 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 432 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам