Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Бақыттың гүлі, шаттықтың нұры

Бақыттың гүлі, шаттықтың нұры

   Қала әкімінің мәжіліс залында халықаралық әйелдер мерекесіне орай салтанатты жиын өтті. Онда қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев  мереке иелерін айтулы күнмен құттықтады.
         Жиын барысында тыл және еңбек ардагерлері, қаланың құрметті азаматтары, батыр аналар, ұлттық-мәдени орталық пен БАҚ өкілдері, сондай-ақ, түрлі салада белсенді қызмет етіп жүрген әйелдер қауымына құрмет көрсетілді.
         –  Тәуелсіз еліміздің атын шығарып, көк байрағымызды биіктен көрсететін чемпиондарымызды, елі үшін тер төгіп аянбай еңбек ететін қайраткер тұлғаларымызды, кірпік қақпай ел іргесін күзетер жауынгерлерді, халыққа қайырымы мол жомарт жүректі жандарды, ұрпақ пен ұлт тәрбиесінің міндетін арқалаған ұстаздарымызды және осында отырған баршамызды дүниеге әкелген алтын құрсақты аналарымызға қашанда басымызды иіп, алғысымызды айтамыз. Көктемнің сұлу арайын ала келген мереке сіздерге бақыттың гүлін, шаттықтың нұрын, сұлулық пен бейбітшіліктің жасампаздығын, әр күннің жылылығы мен жақсылығын, берекесі мен молшылығын ала келсін, – деді қала әкімі.
         Айта кетейік, бүгінде облыс орталығында ел тыныштығына ұйытқы болып, өнегелі бала тәрбиесімен өркениетті қоғам қалыптастыруға зор үлес қосып жүрген 3500-ге тарта Батыр аналарымыз болса, көпбалалы атанған жас аналардың саны 6 мыңнан асты. Сондай-ақ, ғасыр ғұмыр жасап, ғибратты өмірдің үлгісін көрсеткен кейуана мен Ұлы Отан соғысының ардагерлері бар. Расында, қазіргі қоғамда нәзікжандылар тек қана отбасының шамшырағы ғана емес, түрлі саланы меңгерген кәсіби маман иелері.
Әсіресе, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, журналистика, қаржы, кәсіпкерлік, әлеуметтік қамсыздандыру сынды халқымыз үшін ең маңызды салаларда қызмет етеді. Мәселен, қалалық әкімдік құрылымында мемлекеттік қызметкер ретінде 200-ден астам азамат қызмет етсе, солардың 50 пайызға жуығын осы әйелдер қауымы құрайды.
        Мерекелік басқосу соңында еңбек ардагері Алмагүл Божанова, Батыр ана Ұлмекен Сәрсенбаева сынды ақ жаулықты аналарымыз көрсетілген ілтипат пен жылы лебізге барша мереке иелерінен атынан ризашылығын білдірді.
Бағлан ТІЛЕУБЕРГЕНОВА. 
07 наурыз 2019 ж. 1 399 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам