МҰҚТАЖ ОТБАСЫЛАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ЖАСАЛАДЫ
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен әлеуметтік саясатты іске асыру мәселелері жөнінде кеңес қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға және тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған шараларды жүзеге асыру мәселесі жан-жақты талқыланды.
Ақпан айында өткен «Нұр Отан» партиясының сьезінде әлеуметтік саясат саласындағы шаралардың іске асырылуы егжей-тегжейлі қаралды. Онда тұрмысы нашар және әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған тұрғындарға қолдау көрсету жөнінде жаңа ауқымды шаралар таразыланды.
Әлеуметтік саясатты іске асыру мәселелері жөнінде кеңес барысында Мемлекет басшысы көмекке аса мұқтаж және көп балалы отбасылар биылғы жылдың 1 сәуірінен бастап кешкіпей әлеуметтік көмек алатыны айтылды.
Ашығын айту керек, бұл еліміздегі көп балалы отбасыларға үлкен көмек екені даусыз. Мемлекет тарапынан жасалған бұл қолдау әрбір отбасының әлеуметтік жағынан қорғалуына оң септігін тигізеді.
Атаулы көмек көрсету өлшемдері ең төменгі күнкөріс шегінен 70 пайызға дейін артады. Осы көмекті алатын көп балалы отбасындағы әрбір балаға 20 789 теңге төленетін болды. Елбасының көп балалы аналарды қолдап, әлеуметтік төлемдер бойынша енгізілген ұсыныстарын толық қолдаймын және ризашылығымды білдіремін.
Гүлнар АХАТОВА,
2 топ мүгедегі.
Қызылорда қаласы.