Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордалық оқушы ұңғымаларды орналастырудың тың әдісін ойлап тапты

Қызылордалық оқушы ұңғымаларды орналастырудың тың әдісін ойлап тапты

   Бес ұңғымадан өндірілетін мұнай мен газ көлемін бір ұңғыма арқылы да шығаруға болады, деп хабарлады www.24.kz.
Ол үшін қызылордалық оқушы Жаңагүл Тынысбектің ойлап тапқан математикалық моделін өндірісте пайдалану керек. Ұңғымаларды орналастыру есебіне теориялық және сандық зерттеу жүргізген ол геологтармен бірлесе қажетті параметрлерді жинақтап, газ өндіру коэффициентін арттыратын жаңаша математикалық формула құрды. Оны Сыр өңіріндегі мұнай кеніштерінде сынақтан өткізіп, оң нәтижеге қол жеткізген болатын. Жуырда осы ғылыми жоба халықаралық математика және механика байқауында 300 қатысушының арасында үздіктер қатарынан көрінген болатын.
Жаңагүл Тынысбек, оқушы:
- Газ кеніштерінде неғұрлым ұңғымаларды аз орналастырсақ, соғұрлым экономикалық жағынан тиімді. Себебі әр ұңғыманы орналастыру үшін көп қаржы кетеді. Яғни осы модельді газ кеніштерінде қолданатын болса, экономикалық жағынан тиімді болады деп айта аламын.
Сәндігүл Сүлейменова, жоба жетекшісі:
- Бұрынғы алгоритмдер, соның ішінде шетелдік газ өндіру алгоритмдерімен таныстық. Біздің алгоритмнің ерекшелігі, бағалау коэффициенттеріне негізделді.


11 наурыз 2019 ж. 937 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 449 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам