Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » «ҚЫЗЫЛЖАРМА» ӘКІМІ ҚЫЗМЕТІНЕ ҮМІТКЕРЛЕР БАҒДАРЛАМАЛАРЫМЕН ТАНЫСТЫРДЫ 

«ҚЫЗЫЛЖАРМА» ӘКІМІ ҚЫЗМЕТІНЕ ҮМІТКЕРЛЕР БАҒДАРЛАМАЛАРЫМЕН ТАНЫСТЫРДЫ 

  Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының 61 бабына сәйкес Қызылжарма ауылдық округінің әкімі Сәрменбаев Берік Әбдіғаппарұлы өз өтінішіне сәйкес қала әкімінің 2017 жылғы 10 қазандағы №596 өкімімен қызметінен босатылған болатын.
Осы ретте, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі №555 Жарлығымен бекітілген Қағидаға сәйкес ағымдағы жылдың 22 қарашасында Қызылорда қаласына қарасты “Қызылжарма” ауылдық округінің әкімі лауазымына сайлау өткізу жоспарлануына орай, 15 қараша күні қалалық маслихаттың мәжіліс залында қалалық маслихат хатшысы Роза Боханованың төрағалығымен өткізілген кездесуде аталмыш лауазымға кандидаттар Нұрболат Ибраев және Ғанибек Омаров өз бағдарламаларын депутаттарға таныстырды.
Қалалық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша Қызылорда қаласына қарасты «Қызылжарма» ауылдық округінің әкімі лауазымына 2 үміткер тіркелген. Кандидаттардың ұлты – қазақ, білімдері жоғары.
Ағымдағы жылдың 22 қарашасы күні өтетін «Қызылжарма» ауылдық округі әкімінің сайлауында ҮІ шақырылымдағы қалалық мәслихат депутаттары үміткерлерге таңдау жасайтын болады.
16 қараша 2017 ж. 2 249 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам