Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » 21 мың теңгелік жәрдемақыны алу үшін қашан құжат тапсыру керек

21 мың теңгелік жәрдемақыны алу үшін қашан құжат тапсыру керек

    Астанадағы еңбекпен қамту орталығы атаулы көмекті алу үшін 1 сәуірге дейін күту керектігін айтады. Мамандардың сөзінше, оған дейін көмек сұрап барғандар 21 мың теңгеден ала алмайды. Яғни, жәрдемақы алты айға бұрынғыша есептелінеді. Ал оны қайта рәсімдеу үшін жарты жыл күту қажет.
Бұл туралы "Астана" арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. 
Бұл туралы мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесінде мәлім болды. Көмектен үміт етіп барған алты баланың анасы Жанар Өмірбековаға мамандар осылай кеңес беріпті. Көпбалалы ана бұған дейін атаулы әлеуметтік көмек сұрап бармаған. Жәрдемақы мөлшері аз болса да, оны қайта рәсімдеуге уақыты болмапты. 
«Енді 1 сәуірден бастап, бұл шаңыраққа берілер әлеуметтік көмектің көлемі шамамен 14 есеге дейін көбейеді», - дейді мамандар.
"Бұл отбасыға 153 мың теңге төленеді. Сондықтан, 1 сәуірден бастап, еңбекпен қамту Орталығына жолығыңыз. Төлемақы мөлшері 6 айға есептелетіндіктен, қазір бізге жолығудың қажеті жоқ. Сізді қазір қабылдаса, 11 мың теңге ғана тағайындайды. Сосын жарты жылдан кейін ғана келесіз. Ал 1 сәуірде бір келсеңіз, тиісті сома түгел есептеледі", - дейді Астана қаласы "Алматы" ауданы еңбекпен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімінің басшысы Инна Филаретова.
Мұндағылар тек көпбалалы емес, тұрмысы төмен отбасыларға да көмек берілетінін ескертті. Тапқан табысы төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ы жетпейтін отбасыларға жәрдемақы беріледі. Бірақ оның мөлшері аймақтық әлде жалпы республикалық деңгейде боларын мамандардың өздері тап басып айта алмай отыр. Нақты шешімді Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі беруі тиіс. 
"Қазір әрбір аймақтағы төменгі күнкөріс мөлшері тоқсан сайын өзгереді, әр өңірде түрліше есептеледі. Сондықтан, көмек көлемін нақтылау үшін министрліктің шешімін күтеміз. Бұл жәрдемақы ел аумағындағы немесе белгілі бір облыстағы төменгі күнкөріс мөлшеріне негізделеді", - дейді Астана қаласы "Алматы" ауданы еңбекпен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімінің басшысы Инна Филаретова.

17 наурыз 2019 ж. 1 241 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам