Ми-8 тікұшақтарын ұшыру тоқтатылды

"ҚР қорғаныс министрі генерал-майор Нұрлан Ермекбаевтың тапсырмасы бойынша Ми-8 үлгісіндегі армиялық авиацияны қолдана отырып, арнайы бөлімшелердің "Алтын жебе" кешенді тексерісінің қорытынды кезеңі тоқтатылды", - деп хабарлады ведомстводағылар. Авиациялық апаттың себептері мен бір типті әуе кемелерінде оларды болдырмау жөніндегі алдын алу шараларының кешені өткізілгенге дейін шектеулер енгізілді. Еске салайық, Ми-8 тікұшағы 27 наурызда апатқа ұшыраған болатын.