Ұлылардан ұлағат

Байқауға қаладағы мектеп оқушыларынан құрылған 5 топ қатысып, екі бағытта сайысқа түсті. Бірінші турда жас өрендер ұлтымыздың атақты тарихи тұлғалары мен олардың жетістіктерінен сахналық көрініс көрсетті. Ал, екінші турда батырлар жырынан үзінді оқыды.
Сайыс қорытындысы бойынша бірінші орынды №235 мектеп оқушылары жеңіп алса, екінші орынға №112 мектеп өрендерінің өнерлері лайық деп танылды. Ал, жүлделі үшінші орынды №187 мектеп иеленсе, №257 мектеп пен №11 мектеп лицей дипломант атанды.
Сонымен қатар, ұлағатты шара барысында Әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Бейбарыс, Күлтегін секілді ұлыларымыз, хандар бен билер жайлы көрермендерге сұрақтар беріліп, ұтымды да нақты жауап берген жандар арнайы сыйлыққа ие болды.
Шараға қатысып, өнерлерін паш еткен жас өрендерге «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АО атынан сыйлықтар табысталды.
Айтолқын БАТЫРБАЙҚЫЗЫ.