ҚАЛА МҰҒАЛІМДЕРІ ФУТБОЛДАН САЙЫСҚА ТҮСТІ

"Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында" демекші ұрпақ саулығына алаңдайтын,спортқа жаны құмар бірнеше мектептің ұстаздар қауымы Қызылжарма ауылы әкімінің кубогы үшін бақ сынасты.
Жарысқа ауылдық округіміздің əкімі Ибраев Нұрболат Балтабайұлы,"Жас Отан" жастар қанаты қалалық бөлімінің басшысы Тілес Талғат Оспанұлы жəне мектеп директоры мен бірқатар мұғалімдер қатысты.Ойынға #3,5,9,143,144,176,261,264 мектептердің аяқдопшы мұғалімдері қатысып,жүлделі І орынды #3 мектеп,ІІ орынды #144 мектеп жəне ІІІ орынды 176 мектептер иеленді.Жүлделі орындардан бөлек Махмудов Айбек(#3 мектеп),Қоныс Жақсылық(#9 мектеп),Серəлі Арман (#261 мектеп),Құрманалив Бекзат(#144 мектеп)үздік ойындары үшін түрлі марапаттарды иеленді.Жеңімпаздар мен орын алған командалар жекелей медальдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.