Қоянбаевтың кезекті фильміне Голливуд жұлдыздары түспек
Нұрлан Қоянбаев "Бизнес по-казахски" фильмін түсіріп, отандық кинонарықта кассалық жиын бойынша рекорд орнатқан еді. Кинопродюсер туындының төртінші бөлімін де таспалауды жоспарлап отыр. Бұл жолы Қоянбаев Голливуд жұлдыздарымен бірге жұмыс істеп көрмек. Бұл туралы Stan.kz НТК арнасының "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
"Төртінші әрине тек қана мемлекет болмайды. Ол жерде біз құпия деп жүрміз, бірақ енді жәймендеп айтуға болатын шығар. Біз голивудтың А классы дейді ғой жаңағы топ жұлдызбен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Көрермендерге ұнасын деп", - дейді Қоянбаев.
Әзірге кинокартинаға қай жұлдыздың түсетіні белгісіз. Есесіне фильмнің дәстүр бойынша шетелде түсірілетіні анық. Оған Еуропа, Индия және Корея мемлекеттерінің бірі таңдалмақ.
"Киноиндустрияда әзірге жеңімпаз деп айтуға болады. Қазір деген көп әріптестеріміз енді бір-бірінен сұрайды ғой бірінші орында қай кино деп сонда по-казахски дейді. Оның өзі маған жеңіс", - дейді Қоянбаев.
Киногердің кезекті картинасы «Love is» атты романтикалық комедия болмақ. Лос-Анджелес қаласында да таспаланған лентада продюсер, басты ролде жас актерларды көргісі келген екен.
"Бұл кинода мен өзім продюсер ғана боламын деп шешкем басында, өйткені рөл маған сәйкес келмеді. 2 актерға ұсыныс жасадық бірақ ол кісілер жобалары болды ақпан айында. Олар біздің киномызға түсе алмайтын болғандықтын, барлығымыз шешіп өзім ойнайтын болдым", - дейді Қоянбаев.
Тың туындыны қолға алмас бұрын Қоянбаев, Кореяға сапар шеккен еді. Бірер күн бұрын елге оралған кинопродюсер, шетелдік әріптестерімен тәжірибе алмасуға барыпты.
"Кореяда киноиндустрия өте жақсы дамыған деп айта аламыз. Өйткені телехикаялар түсіре алады, тек қана өздері ғана емес бүкіл әлем көріп жатыр. Сол қалай түсіреді екен, музыкамен қалай айналысады жалпы әртістермен қалай жұмыс істейді. Сценариймен қалай жұмыс істейді деп тәжірибе алмасуға бардық", - дейді Нұрлан.