Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » НҰРЛАН ҚОЯНБАЕВ “БИЗНЕС ПО-КАЗАХСКИ” КОМЕДИЯСЫНЫҢ ҮШІНШІ БӨЛІМІН ТҮСІРМЕК

НҰРЛАН ҚОЯНБАЕВ “БИЗНЕС ПО-КАЗАХСКИ” КОМЕДИЯСЫНЫҢ ҮШІНШІ БӨЛІМІН ТҮСІРМЕК

   Өнер саласында 17 жылдық тәжірибем бар деген Нұрлан Қоянбаев өтімді әзіл жазуда өзгелерге кеңес беруге дайын! Жастармен кездесіп, табыстың құпиясымен бөліскен ол, тағы бір комедиясын түсіруге кіріспек. Ал, оның кезекті лентасы қандай болмақ?

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.
Әрдайым көрерменді күлкіге қарық қылып жүрген Нұрлан Қоянбаев, бұл күні аса салмақты. Әзіл әлемінің майталманын Алматылық жастар маңызды жүздесуге арнайы шақырған еді.
“Енді қатты дайындалдым деп айта алмаймын. Барынша, бастысы шынайы айту. Осы 17 жылда, 2001 жылдан бері әзіл әлемінде жүрмін ғой. Сондықтан да, тәжірибеммен бөлісемін”, – дейді Қоянбаев.
Жинаған тәжірибемнің арқасында, айтарым мол деген Қоянбаевтың, соңғы кездері жарғақ құлағы жастыққа тимей жүргені тағы бар. Танымал тележүргізуші әрі продюсер, кезекті картинасын таспалаудың қамымен әлек.
“Шілде айының соңғы күндері, тамыз айының басында біз «Бизнес по-казахски» картинасының жалғасын түсіреміз деген шешімге келдік. Өйткені ғаламтор арқылы көптеген адамдардың тілектерін оқып, сондай шешімге келдік”, – дейді Нұрлан Қоянбаев.
Көрерменнің қалауын құп көрген Нұрланның айтуынша, қазақстандық бизнесмендер хикаясы енді өзге елде жалғаспақ. Алайда, кейіпкерлердің нақты қай мемлекетте кәсібін дөңгелетіп көретіні әлі белгісіз.
“Келіссөздер жүріп жатыр әлі. Қазір екі жер болып отыр, Дубай мен Африка. Үшінші кинода біз басқа менталитетке келуіміз керек. Мысалы, көшпенділер басқа менталитетпен кездесу керек. Арабтармен немесе африкандықтармен. Қаражат жағын енді, құдайға шүкір ағаларымыз бар елде, демеушілер бар. Алып шығармыз”, – дейді Қоянбаев.
Ал, ел сұраған комедия осы жылдың аяғында жарық көреді деп жоспарлануда. Олай болса, Қоянбаевтан тағы бір тың туынды күтеміз!
21 маусым 2018 ж. 1 403 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам