Қатерлі ісікке алып келетін бес сусын анықталды
Адам ағзасы үшін ең қауіпті бес сусын анықталды. Ғалымдар кола, жасанды шырын, шампан, энергетиктер мен газдалған сусынның зияндылығын дәлелдеді. Бұл туралы Life.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Гарвард университеті ғалымдарының соңғы ғылыми жұмысында алкогольсіз сусындардың қатерлі ісікке әкелуі мүмкін екені дәлелдеді.
Зерттеушілер адам ағзасына зиян деп кола, жасанды шырын, шампан, энергетиктер мен газдалған сусынды көрсетті.
Кез келген газдалған сусын обыр жасушаларының өсуіне әкеліп соғады. Бұл ішкен сусынның түрі мен мөлшеріне де байланысты.
Құрамында қант алмастырушысы бар сусын ішетіндер ұйқы безінің ісігіне шалдығуы мүмкін. Аптасына ішілетін мұндай екі сусын қатерлі ісік қаупін 87%-ке арттырады.
Ғалымдар газдалған сусын ерлер денсаулығы үшін аса қауіпті деп дабыл қағуда. Сондай-ақ, бұл сусынды көп ішетін әйелдердің сүт безінде қатерлі ісік пайда болуы мүмкін.
Ал жүкті әйелдерге оларды мүлдем ішуге болмайды. Себебі газдалған сусынның барлығы құрамында қызыл амарант жасанды консерванті (Е-123) бар.
Ең қауіптісі – энергетиктер мен кола сынды газдалған тәтті сусындар. Олардың бір құтысында 20 қасық қант, фосфат, бояғыш зат пен газ болады.