Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Бүгін – Геннадий Головкиннің туған күні

Бүгін – Геннадий Головкиннің туған күні




Бүгін - бокстан WBA/IBF/WBC нұсқалары бойынша орта салмақтаңы бұрынғы әлем чемпионы, қазақстандық танымал боксшы Геннадий Головкиннің туған күні. Танымал қазақстандық спортшы осыдан 37 жыл бұрын Қарағанды қаласында дүниеге келген. Кеншілер қаласының солтүстік-шығыс бөлігінде бірнеше ықшам ауданнан тұратын Майқұдық тұрғын аймағы бар. Гена осы аймақтың он үшінші ауданында туып-өскен. Бокстан бұрын теннис және футболмен айналысқан. Ал бокс залына алғаш 9 жасында барады. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің дене тәрбиесі және спорт факультетін бітірген (2003).












2003 жылдан бері - «Астана батыры» жекпе-жек клубы» МКҚК-да бокс жөніндегі нұсқаушы - спортшы. Universum Box Promotion мүшесі (Неміс кәсіби клубы, 2006). ҚР біріншілігінің жеңімпазы (2000-2002); ҚР I спартакиадасының чемпионы; жастар арасындағы әлем чемпионы (2000); Шығыс Азия ойындарының чемпионы (2001); Азия ойындарының чемпионы (Оңтүстік Корея, Пусан, 2002); жеке сынақ бойынша Әлем кубогының чемпионы (2002); әлем чемпионы (2003); «А» класты турнирлердің бірнеше мәрте жеңімпазы. 75 кг дейінгі салмақта әлем чемпионы (Бангкок, Таиланд, 2003); Олимпиада ойындарының 75 кг дейінгі салмақтағы күміс жүлдегері (Афина, Грекия, 2004); «А» класы турнирлерінің көп мәрте жеңімпазы. Кәсіпқой бокста WBO нұсқасы бойынша «Интерконтиненталь» чемпиондық титулының иегері (2010). Геннадий Головкин - орта салмақта (73 кг) WBA, IBO және WBC нұсқалары бойынша әлем чемпионы. Кәсіпқой бокста 40 жекпе-жек өткізіп, 38-нде жеңіске жеткен. ҚР спорт шебері (2000). Халықаралық кластағы спорт шебері (2002). Бокстан ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері (2003). «Құрмет» орденімен марапатталған. ҚР спорт шебері (2000). Халықаралық кластағы спорт шебері (2002). Бокстан ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері (2003). «Құрмет» орденімен марапатталған.



08 сәуір 2019 ж. 1 177 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 13 922 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам