Нұр-Сұлтан көшелерін шампуньмен жуып жатыр
Астана көшелері көше жуатын арнайы сусабынмен жуыла бастады. Бұл туралы қала әкімі Бақыт Сұлтанов өзінің facebook парақшасында жариялады.
“Бүгін Елорданың жол тазалау қызметінде жаңа әдісті қолдануды бастадық. Коммуналдық қызметтер алғаш рет қала жолдарын арнайы жуғыш құрал – жолдың үстіне арналған сусабынмен жуа бастады. Оны қолдану асфальтты тайғаққа қарсы материалдардың қалдықтарынан, ескірген жапқыштардан, мұнай қалдықтарынан және қысқы маусымда пайда болған май дақтарынан тазартуға ықпал етеді. Қарапайым сумен мұны тазалау мүмкін емес. Ал бізге жол белгілерін салу алдында көшелерді мұқият жуу өте маңызды.
Бұл шампуньді коммуналдық қызметтердің пайдалануы жол сапасын және біздің жүргізушілеріміздің қауіпсіздігін жақсартуға септігін тигізеді” -деп жазған астана әкімі.
Әкімнің сөзінше, жуғыш зат ешқандай зиянды заттарды бөлмейді, өйткені жол жуатын шампунь қоршаған ортаға зиянсыз. Бақыт Сұлтановтың сөзінше, енді Нұр-Сұлтан көшелері күнделікті сусабынмен жуылатын көрінеді. “Алдағы уақытта коммуналдық қызметтердің алдында көптеген жұмыстар бар, көшелер қажет болса күн сайын тазартылатын болады” -деді Б. Сұлтанов өзінің әлеуметтік парақшасында.