Ән мен әзіл асқақтаған күн
Сыр жұртшылығын өнермен сусындатып жүрген «Мереке» вокалды-аспапты ансамблінің құрылғанына биыл отыз жыл. Кәсіби мамандардан жасақталған өнер ұжымының осы уақытқа дейін жеткен жетістіктері мен табыстары мол. Репертуарында халық композиторлары мен әлемдік классикалық шығармалар, жергілікті сазгерлердің әндері бар. Бүгінде ансамбль айшықты өнерімен көпке танылып, халық қошеметіне бөленіп жүр.
Осыған орай Сыр елінде өзіндік орны, ширек ғасырдан астам тарихы бар «Мереке» вокалды-аспапты ансамблі және «Мереке-думан» әзіл-сықақ отауының 30 жылдық мерейтойлары кең көлемде атап өтілді. Шара аясында қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен С.Майқанова атындағы мәдениет үйінде өткізілген облыстық байқауға тоғыз өнер ұжымы қатысып, бақ сынады.
Өнер додасының Тасбөгет кентіндегі аталмыш мәдениет үйінде өткізілуінің басты себебі де бар. Олай дейтініміз, «Мереке» ансамблі ең алғаш осы мәдениет үйі жанынан құрылып, өнер көгіне қанат қаққан. Байқаудың ашылу салтанатында қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Асқарбек Есжанов сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
– Музыка ұлтқа бөлінбейді. Сондықтан біз кез келген елдің музыкасына құдды бір ана тілімізде тыңдап отырғандай құмарта құлақ тосамыз. Ондағы тылсым күш жүрек түкпіріне терең бойлап, саз сиқырына қалай арбалып қалғаныңды сезбейсің. П.Чайковский музыканы «Әлем халқының ортақ игілігі үшін әрбір ұлт өз үлесін қосып отыратын үлкен қазына қоймасы» деп бейнелейді. Бұл тұрғыда жалпы Сыр елі өнерпаздары, соның ішінде «Мереке» вокалды-аспапты ансамблінің 30 жылдық еңбегінің, теңізге құйған тамшыдай болса да өзіндік үлестері бар екенін ешкім жоққа шығара алмайды, – деді А.Есжанов.
Республика, облыс аумағына танымал жаңа талап жастардан құралған өнер ұжымдары екі шығармадан орындап, ел-жұртты шынайы музыкамен, жанды дауыспен керемет әсерге бөледі. Сөз басында айтып өткеніміздей вокалды-аспаптар ансамбльдері байқауымен қанаттас әзіл-сықақ отауларының республикалық әзіл бәсекесі де мереке ажарын келтірді.
Салт-дәстүрмен сабақтасқан сазды әуенді шырқау үшін өнер ұжымдары үлкен дайындықпен келген. Қойылған үдеден шығу жолында барлық шығармашылық ұжым аянып қалмады. Байқауда Алматы қаласы мен Ақтөбе облысы, сонымен қатар, Сыр елінен жалпы тоғыз әзіл-сықақ отауы өнер жарыстырып, халықты күлкіге қарық қылды.
Отыз жылдық тәжірибесі бар өнер ұжымы мазмұнды шығармаларды орындауымен ерекшеленіп келеді. Бастысы, жанды дауыста.
– Жаңа ақпараттық қоғамның өркениетті, прогресшіл бағытына сай, терең білімді, өзгерісті жағдайға тез бейімделгіш, өзге елдердегі замандастарымен тең дәрежеде бәсекелесе алатын биік өрелі ұрпақты тәрбиелеу – бүгінгі қоғамның талабы. Осы орайда «Мереке» вокалды-аспаптар ансамблі де бәсекеге қабілетті, заман талабына сай ұжымдардың бірі деп айтуға болады. Өйткені отыз жыл халық жадында жүрген ұжымның жастарға берері әлі де көп, – дейді «Мереке» вокалды-аспапты ансамблінің көркемдік жетекшісі Сәбит Ұлықпанұлы.
Ән мен әзіл бәсекелерінің қорытындысы кешкі гала-концертте белгілі болып, нәтижесінде вокалды аспапты ансамбльдер байқауының «Үкілі үміт» номинациясымен Сырдария ауданы, Амангелді ауылынан келген «До-Си» өнер ұжымының солисті Науан Жанерке, «Көрермендер көзайымы» номинациясымен Жаңақорған ауданының «Сәлем» ансамблі, үшінші орынмен Жалағаш ауданынан қатысқан «Алтын арай» ансамблі, екінші орынмен жаңақорғандық «Экспресс» ансамблі, бірінші орынмен Қазалы ауданының «Сейхун» этно-рок ансамблі, Бас жүлдемен Сырдария ауданы, Тереңөзек кентінің «Ритм» ансамблі марапатталды.
Өнер додасына төрелік еткен қазылар алқасының мүшелері де үздікті анықтау оңайға соқпағанын айтады.
– Байқауда бақ сынап жатқан ұжымдардың әлсізі жоқ. Көпшілігі күрделі шығармалар орындауға тырысып бақты – дейді қазылар алқасының мүшесі Ғалым Елубаев.
Ал әзіл-сықақ отауларының байқауында «Үздік интермедия» номинациясымен Шиелі ауданының «Қытық» әзіл-сықақ отауының «Әкім мен кәсіп» қойылымы, «Үздік әзілші» номинациясымен Сырдария ауданының «Оңаша» әзіл-сықақ отауы, «Жас сахнагер» номинациясымен Д.Бақытбеков пен Д.Тұрсынбай, үшінші орынмен «Қытық» әзіл-сықақ отауы, екінші орынмен Жаңақорғандық «Күлеміз бе, қайтеміз» және Алматы қаласынан келген «Керемет» әзіл-сықақ отауы, ал бірінші орынмен Ақтөбеден келген «Түйреуіш» әзіл-сықақ отауы марапатталды.
Сондай-ақ, мерейтой иелері саналатын қос бірдей өнер ұжымы жұмысын алға сүйреп, қала мәдениетінің дамуына өлшеусіз еңбек сіңірген А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінің директоры, «Мереке-думан» халықтық әзіл-сықақ отауының жетекшісі Ж.Болатбекова, «Мереке» ВАА гитарисі Қ.Өтебаев және бас гитарис Б.Өмірзақовтар «Қызылорда қаласының мәдениет майталманы» төсбелгісі иегері атанды.
Осылайша қалжың сөздің ұсталары мен әуен саздың зергерлері бір күн бойы Ақмешіт аспанын ән мен әзілге бөлеп, халықтың көңілін көтерді, байрақты доданың көркін қыздырып, мереке ажарын келтірді. Жүлделі жерде жүйрік болатыны анық, сондықтан да бабы мен бағы қатар келген өнерпаздар жеңіс жалауын желбіретті. Десе де, өнердің ақ туын кірлетпей жүрген барша өнер иесі жеңімпаз боп қала бермек.

Биболат СӘТЖАН.