«МЕРЕКЕ-ДУМАН» МЕЙРАМҒА ТАРТУ ЖАСАДЫ
А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде халықаралық әйелдер күніне арналған «Мереке-думан» халықтық әзіл-сықақ отауының мерекелік концерттік бағдарламасы болып өтті.
Мерекелік шарада Ж.Болатбекованың «Нағашы мен жиен», «Тәңірдің сыйы», «Той әлегі» және актер, сықақшы, жерлесіміз Дінмұхаммед Әбдіжапаровтың «Жұрттың байы» интермедиялары ойналып жұрт көңілінен шықты. Сондай-ақ, концерттік бағдарламада қала әкімінің «Мереке» вокалды аспапты ансамблі, А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет Үйінің әншілері, «Арайлы» би тобы және «Сыр сандуғаштары» вокалды үйірмесі мен «Балақай» би тобының кішкентай бүлдіршіндері өнер көрсетіп, аналарға арнап әннен шашу шашты.