Қазақстан тумасы Эстония астанасының мэрі атанды
Қазақстанның тумасы Михаил Кылварт Эстония астанасының мэрі болды деп жазады Sputnik Эстония.
Таллиннің жаңа мэрін сайлау 11 сәуірде өтті.
Михаил Кылварт қала басшысы лауазымына жалғыз үміткер болды. Оның кандидатурасын Таллиндегі Центрист партиясының билеуші фракциясы ұсынды.
Таллин қалалық жиналысының кезектен тыс сессиясында депутаттардың көпшілігі Қазақстанның тумасын қолдаған.
Дауыс беру қорытындысы бойынша Қылварт үшін 45 депутат дауыс бергені анықталды. Бұл ретте мэр атану үшін кемінде 40 дауыс алу қажет.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қазақстанда туған Михаил Кылварт қаланың қазіргі басшысы отставкаға кететінін жариялағаннан кейін Таллин мэрінің креслосына ие бола алатынын жазған болатынбыз.
Михаил Кылварт 1977 жылы 24 қарашада Қызылордада дүниеге келген.