Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Түркістанда 20 жылдық түлектер көп балалы сыныптасына баспана сыйлады (фото)

Түркістанда 20 жылдық түлектер көп балалы сыныптасына баспана сыйлады (фото)

  Түркістан облысы Шардара ауданында 20 жылдық түлектер тоғыз баласы бар сыныптасына баспана сыйлады деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түлектер игі іс жасап қуантқан көпбалалы Волокитиндер отбасы Қоссейіт ауылының тұрғындары.
Отағасы Андрей ауыл тұрғындарының тұрмыстық техникаларын жөндеп нәпақы тапса, Анастасия мен ересек перзенттері шаруа қожалықтарында жалдамалы жұмыс істеп, киім-кешек, қысқы азық-түліктерін түгендеп келген.
Тұрақты жұмыс болмаған соң отбасының баспана алуға да шамасы келмей, пәтер жалдап тұратын еді.
Осыны ескерген Қоссейіт ауылындағы "Сырдария" жалпы орта мектебінің 20 жылдық түлектері көпбалалы жанұяға ерекше сыйлық жасағысы келген.
"Ауыл әкімдігімен, мектеп басшылығымен, сыныптастармен ақылдаса келе өзімізбен бірге оқыған, бүгінде әлеуметтік қолдауды қажет ететін Анастасияға көмек беруді ұйғардық. Түрлі салаларда еңбек етіп жүрген сыныптас достарымызбен осы істі жасап, 9 баласы бар сыныптасымызды қуантқымыз келді", - дейді 20 жылдық түлектер.
Олар алдымен ауыл шетінен жер алып, үйдің іргетасынан бастап өру, сылау, шатырын жабу, әктеп-сырлау жұмыстарына дейін жүргізіп, кейін ауыл әкімдігімен бірлесе отырып үйге электр жарығы мен ауыз суды да қосып берген.
Айта кетейік, 20 жылдық түлектер бұған дейін өздері оқыған мектепке интерактивті тақта мен проектор, компьютер сыйға тартқан.
16 сәуір 2019 ж. 1 165 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 084 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам