Мені қорлағысы келді - "Дос-Мұқасан" солисі "Эйр Астанамен" жанжалы жайлы
"Дос-Мұқасан" ансамблінің жетекшісі әрі солисі Мұрат Құсайынов Нұр-Сұлтан әуежайында болған оқиғаның өз нұсқасын айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
Бұған дейін "Эйр Астана" әртістің әуе компания қызметкерін ұрғанын мәлімдеген еді. Өз кезегінде музыкант қызметші қызға қол көтермегенін айтады. Құсайыновтың сөзінше, әуе компаниясының қызметкерлері ұшаққа отырғызу алдында одан аяқ киімін шешуді талап еткен. Әнші бас тартқан соң, оны қызметкерлер рейске кіргізбеген. Құсайынов жауап ретінде қызға ұрысқанын ғана айтады.
"Олар менен аяқ киімім мен белбеуімді шешуімді талап етті. Мен сканермен тексеруін сұрадым. Бірақ олардың мені қорлағысы келді. Бұл ойлары іске асты. Мен шешкен жоқпын. Сөйтіп жанжалдасып қалдық", - деді ол. "Олар мені өткізгісі келмеді, қызметші қыз алдыма тұрып алды. Мен шешпейтінімді айттым. Рас, оған ұрыстым, дөрекі сөйледім. Бар болғаны сол. Мені рейстен алып тастады, ұша алмай қалдым", - деді әртіс.
Артынша "Эйр Астана" әуе компаниясы Құсайыновты жауапқа тартуды сұрап Нұр-Сұлтан әуежайының полиция бөліміне арыз жазған. "Менің шағымданбауым үшін "Эйр Астана" қызметкерлері бірінші болып бұл қадамға барып отыр. Бұл корпоративтік мүдде. Полиция бөлімінің қызметкерлері мені екі-үш сағат ұстады. "Мені қамаңдар" дедім. Бірақ олар қол қоюымды сұрады. Мен конституциялық құқығымды пайдаланып, ешқандай қол қоймайтынымды айттым. Сөйтіп, олар хаттама толтыра бастады. Мені қамағысы келді. Олар "Жоқ, қамамймыз, бірақ сіздің үстіңізден арыз түсті" деп айтты", - деді музыкант.
"Эйр Астана" келесі рейсте де Мұрат Құсайыновты алып кетуден бас тартқандықтан әнші 51 мың теңгеге билет сатып алып, басқа әуе компаниясымен ұшқан. "Басқа әуе компанияларымен ұшып жүрмін. "Өте беріңіз, аяқ киімді шешудің қажеті жоқ" деп айтады. Ал мұнда олар мені жеп қоя жаздады. Шешіңіз дейді. Естерінен адасқан ба? ... Енді өздерін ақтау үшін қарымта шабуыл жасап отыр. Ешкім ешкімді ұрған жоқ, бәрін ойдан шығарған", - деді Құсайынов.
Әртіс енді әуе компаниясының үстінен арыз жазбақ. "Эйр Астананы" сотқа беретін шығармын. Бұлай істеуге болмайды. Жолаушылар арасында екі куәгерім бар. Адвокат жалдап, істің ақ-қарасын ашамын. Егер олар арыздарын қайтарып алмаса, мен сотқа беремін", - деді ол. "Эйр Астананың" нұсқасы бойынша, 14 сәуірде Нұр-Сұлтан - Алматы бағытындағы КС 852 рейсіне отырғызу барысында Құсайынов дауыс көтере сөйлеп, балағат сөздер айтқан. Экипаж оны тасымалдаудан бас тартқан соң, ол әуе компаниясы қызметкерлерінің алдында жолаушыларға қызмет көрсету бойынша кезекшілік басшысының маңдайынан ұрған. Кейін әуе компаниясы әншінің үстінен Нұр-Сұлтан әуежайының полиция бөліміне арыз жазған.