Анна Данченко Салтанат Бақаева туралы: Оның кім екені маған бәрібір
Журналист Анна Данченко Салтанат Бақаеваны алғаш көргенде қандай сезімде болғанын айтып, ешкім білмейтін жаңалығын сұрап алғанын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.
Желі қолданушыларының қызығушылығын тудырған Анна Данченко жазбасында ең алғаш әнші Салтанат Бақаевамен қалай танысқанын баян етті.
Бір көргеннен-ақ сұлулығы мен көркем мінезіне қызыққанын, араға 7 жыл уақыт салып алғашқы көзқарасын жазып отырғанын айтты жүргізуші. Осылайша Салтанат ханымның ешкім білмейтін жаңалығын естіп, құтты болсын айтқан Анна Данченко жұртты қызықтырды.
"Осыдан 7 жыл бұрын-ау деймін мені Өскемен қаласында өтетін концертті жүргізуге шақырады. Ондай шараларға жүргізушілер бір күн алды келеді. Қонақ үйге келіп, бөлмемнің кілтін алып жатқан сәтте: "С вами девушка будет жить. У вас номер на двоиx", - деді ресепшнда тұрған ару. "В смысле номер на двоиx?! Что за девушка?", - деп сұрасам. "Понимаете, участников много, а мест мало. Это всего на два дня. Её Салтанат зовут. Она певица". ( Какая мне разница кто это, деп ойлап қоямын, не xочу я чтобы незнакомый человек со мной жил в одном номере, ноооо амал жоқ!) Кілтті алып, дайындыққа кетіп қалдым", - дейді Анна Данченко.
Әрі қарай ол әншінің сұлулығына тәнті болғаны туралы жазды. Бастапқыда аса ұнатпаса да, кейін жақын құрбыларға айналған екен.
"Кешке қонақ үйге келсем, нөмерде бір қыз отыр. ( Қандай сұлу деген ой келді басыма) Сөйтіп танысып алдық. Салтанат Бақаева бірінші ұлы дүниеге келіп, алғашқы сапары болған екен бұл. Біраз әңгімелесіп, тіл табысып кеттік. Случайности не случайны! Ол кезде мен жаңалықтардың жүргізушісі едім, шоу-бизнес туралы xабарым жоқ, әншілерді де дұрыс тани бермеймін. Солай, араға уақыт салып, енді Салтөшпен жиі кездесіп, сырласып тұрамыз. Кеше тренировкадан шығып, шаршап түсірілімге барсам, аяқ асты Салтанатты кездестіріп қалдым. Елге айтпай жүрген жаңалығы бар еді, мен как всегда сұрап-сұрап, сұxбат жазып алдым. Құтты болсын, сұлуым", - деп жазды тележүргізуші.