Қазалы: аудан әкімі жастармен кездесті
Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев белсенді жастармен кездесті. Бейресми, еркін форматтағы кездесуге аудандық жастар ресурстық орталығының өкілдері, кент, ауылдық округтердің белсенді жастары, кәсіпкерлер, колледж студенттері, жастар ұйымдарының жетекшілері қатысты. Сонымен қатар, пікір алмасу алаңына облыстық жастар саясаты мен мәселелері басқармасының басшысы Қуаныш Жанұзақов пен облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары Дінмұхаммед Болатбеков қонақ ретінде шақырылды.
Жиында аудан әкімі алдымен жас кәсіпкерлер көрмесімен және жастар ресурстық орталығының жұмысымен танысты. Аудан басшысы жастарға мемлекет тарапынан қашанда қолдау барын айтып, Елбасының өзі ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтті. Сонымен қатар, кездесу барысында қатысушылар биыл облыстық жастар саясаты мен мәселелері басқармасы, кәсіпкерлік және туризм басқармасының Жастар жылына орай ұйымдастырған жобаларынан хабардар болды. Жиында жастар әлеуметтікжобаларға көрсетілетін қолдау, «Дипломмен – ауылға» бағдарламасының тұрақты түрде жүзеге асуы, кәсіпкерлікке қатысты сауалдар қойып, жауап алды.
Кездесу барысында аудан басшысы Мұрат Нәлхожаұлы жастар тарапынан қойылған сұрақтар мен ұсыныс-тілектердің назарға алынатынын атап өтіп, жастар бастамаларына сәттілік тіледі.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі