Футболшы Неймар жанкүйерін ұрып тастады (видео)
Бразилиялық футболшы Неймар матчтан кейін жанкүйерге шабуыл жасады.

Бұл сәт түсірілген бейне ғаламтрода таралды. Француз клубы "Париж-Сен-Жерменнің" шабуылшысы "Ренн" командасымен Франция кубогы финалының матчынан кейін мінбер арқылы жүреді. Көрермендердің бірі футболшының шамына тиетін сөз айтып айқайлай бастады. Ашуланған спортшы оны бетінен соғып жіберді.
Кейінірек жанкүйер Неймардың жеке басына тиетін сөз емес, тек өз ойын айтқанын жеткізді.
"Неймарға нашар ойнағанын айттым. Олар өте нашар ойнады, Верратти мен Буффон өтіп бара жатқанда, мен оларға: "Сендер ешкім емессіңдер. Бұл жерден кетіңдер дедім", - дейді жанкүйер.
Спортшы кінәсін мойындады, бірақ оның орнында кез келген адам солай істейтінін айтты.