Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Хат жазып қалдырған: Талғарда оқушы өз-өзіне қол салды

Хат жазып қалдырған: Талғарда оқушы өз-өзіне қол салды

ЖасөспірімҰстаздарының айтуынша, оқушы мен басқа балалардың арасында кикілжің болмаған.
Алматы облысында №19 орта мектептің 9-сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.
"Суицид сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне ресми тіркелді, өлер алдында хат жазып қалдырған. Соған қарамастан ювеналды полиция қызметкерлері тиісті тергеу шараларын қолға алды", - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің ресми өкілі Көбейхан Нұрахмет.
Ұстаздарының айтуынша, жасөспірім мен басқа оқушылар арасында кикілжің болмапты. Керісінше, балалар сынып белсендісінен үлгі алып жүреді екен. Ал оқушының неге өз-өзіне қол салғаны беймәлім.
"Бала үнемі менімен сөйлесіп, ойымен бөлісіп, ұсыныстарын айтатын. Басқа балалармен ренжіскен емес. Әлеуметтік желілерде де ештеңе жазбаған. Отбасында бәрі дұрыс еді, ата-анасы балаларына жақсы қарайтын. Неге бұлай болғанын елестету қиын", - дейді Талғар ауданындағы № 19 мектептің мұғалімі Айдар Мамышев.
02 мамыр 2019 ж. 1 479 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 585 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам