Диетолог сағыздың қалай артық салмақтан арылуға көмектесетінін айтып берді
Америкалық диетолог, The Small Change Diet бестселлерінің авторы Кери Ганс кәдімгі қантсыз сағыз дене бітімге зиян келтіретін тағамдарды аз тұтынуға және жағажай маусымы басталғанша денені қалыпқа келтіруге көмектеседі деген сенімде, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, салмақ тастауға арналған өте табысты стратегия немесе, кем дегенде, қазіргі салмақты сақтаудың оңай жолы – әр тағамнан кейін сағыз шайнау. Кейбір адамдар үшін тәтті сағыз ағзаны артық калориядан құтқаратын десерт алмастырғыш болуы мүмкін.
Диетологтың айтуынша, күні бойы жүрек жалғайтын тағамдарды тұтынудың орнына, ештеңе жемей-ақ ауызды сағызбен алдап, ағзаны артық калориядан құтқаруға болады.
«Егер сіз үйде отырып жұмыс істейтіндердің бірі болсаңыз және ас үйге тым жиі кіретін болсаңыз, онда сізге сағыз шайнап жүрген көмектеседі», - дейді ол.
Диетолог сағыздың қосымша артықшылығы адамдардың зиянды өнімдерге деген құштарлығын жоятындығында дейді. Оның мәлімдемесін басқа да сарапшылар қолдады.
Соңғы зерттеулердің біріне сәйкес, сағыз шайнаған адамдар келесі тамақтануға дейін бұрынғыға қарағанда орта есеппен 40 калория аз тұтынған. Сонымен қатар, олар көрінген нәрсені жеуге деген құмарлықты оңай еңсере алған.
Бірақ, дәрігерлердің айтуынша, бұл әдіс жүз пайыз қауіпсіз болып табылмайды. Өйткені, жүрек жалғайтын тағамдардан бас тартудың салдары артық салмақтан әлдеқайда қорқынышты нәтижеге әкелуі мүмкін. Бірақ, чипсы мен мен кәмпиттерді тұтынғанның орнына, жоқ дегенде йогурт немесе жаңғақ жеген дұрыс.