Бұршақ және жаңбыр: дүйсенбі күні ауа райы қандай болады?

Республиканың басым аумағы оңтүстік циклонның ықпалында болады, сондықтан батыста, солтүстік-батыста, шығыс пен оңтүстікте атмосфералық ауа ағымдарының әсерінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Бұған қоса, кей жерлерде қатты жел соғып, бұршақ түсуі мүмкін. Оңтүстікте шаңды дауыл көтерілсе, оңтүстік-шығыста тұман түседі деп болжанып отыр.
Мегаполистердегі ауа райы
- 13 мамырда Нұр-Сұлтанда түнде +8...+10 градус, күндіз +20...+22 градус жылы болады, көшпелі бұлт шығады.
- Алматыда түнде +12...+14, ал күндіз +25...27 градус ыстық, көшпелі бұлт шығады.
- Шымкентте де күн жылы болады, түнде +15...17, ал күндіз +29...31 градус ыстық.
Өңірлерде ауа райы қандай болады
Шығыс Қазақстан, күндіз Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. ШҚО-да кей жерлерде дауыл соғады деп болжануда.