Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қажылыққа барушылар міндетті түрде менингококк инфекциясына қарсы вакцинациядан өтуі қажет

Қажылыққа барушылар міндетті түрде менингококк инфекциясына қарсы вакцинациядан өтуі қажет

  Жыл сайын қажылыққа әлемнің 160 елінен 2 млн.-ға жуық адам қатысады, оның ішінде 3-4 мың адам — Қазақстан Республикасынан барады.
Ағымдағы жылы қажылыққа бару тамыздың басына жоспарланған, ол 20 тамызға дейін жалғасады. Барлығы 3200 адамның қажылыққа баруы жоспарланып отыр.
Сауд Арабиясы коронавирустық инфекция, менингококк инфекциясы бойынша қолайсыз ел болып табылады.
2018 жылы менингококк инфекциясымен сырқаттанудың өсуі байқалған, ол Рамазан айымен тұспа-тұс келді. Сол кезеңде менингокк инфекциясының 96 расталған жағдайы тіркелді, оның 15 жағдайы өліммен аяқталды. Инфекцияның өршу себебі тұрғындардың медициналық көмекке кеш жүгінуі, өзін-өзі емдеуі болды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша 2012 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін әлемде таяу шығыс респираторлық синдромының коронавирусымен сырқаттанудың 2103 зертханалық расталған жағдайы тіркелген, оның ішінде 730-ы өліммен аяқталған, оның 80%-дан астамы - Сауд Арабиясында.
2000 жылдары қажылық кезінде менингококк инфекциясының өршуіне байланысты Сауд Арабиясы Корольдігінің Денсаулық сақтау министрлігінің адамдардың қажылыққа дайындалу мәселесіне қоятын маңызды талабы – ол дәрігердің қорытындысы бар медициналық тексеру және міндетті түрде менингококк инфекциясына қарсы вакцинациялау.
Менингококк инфекциясына қарсы вакцинация еліміздің 7 өңірінде (Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Маңғыстау, Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында) жүргізіледі, қазіргі уақытта қажылыққа баратын адамдарға егілетін вакцина өңірлерге жеткізіліп жатыр, оны биылғы жылғы 15 мамырдан бастап алуға болады. Қажылық кезінде адамдар көп жиналатын орындарда болған кезде жеке профилактика шараларын есте сақтау керек:
- қолды сабынмен жиі жуу, дезинфекциялайтын салфеткаларды пайдалану;
жөтелген және түшкірген кезде салфетканы пайдалану;
- ауырған адамдармен байланысқа түспеу және олардың жеке заттарын пайдаланбау;
- адамдар көп жиналатын жерлерде мүмкіндігінше бір рет қолданылатын бетперделерді пайдалану;
- түйелер көп жиналатын жерлерге жақындамау және олармен тікелей байланысқа түсуді болдырмау;
- қайнатылмаған және пастерленбеген түйе сүтін пайдаланбау, сондай-ақ
- ұйымдастырылмаған сауда орындарынан тамақ өнімдерін сатып алмау;
- сырқаттанудың кез келген белгісі пайда болған кезде дәрігерге бару;
- сапардан қайтып келгенде және аурудың кез келген симптомы (қалтырау, температураның көтерілуі, сырқаттану, тамақтың ауыруы және басқасы) пайда болса, дәрігерге қажылыққа барғанын айтып, тез арада медициналық ұйымға бару қажет.
Қызылорда облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті
13 мамыр 2019 ж. 1 061 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 422 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам