Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Білім министрі 15 мамырда ата-аналарды жұмыстан ерте босатуды сұрады

Білім министрі 15 мамырда ата-аналарды жұмыстан ерте босатуды сұрады

  15 мамырда республикада ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы өтеді. Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшідинова жұмыс берушілерден қызметкерлерін 15 мамыр жұмыстан ерте босатуды сұрады, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
15 мамыр – Халықаралық отбасы күні. Осыған орай республикада ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы өтеді.
"Құрметті ата-аналар, Білім және ғылым министрлігі сіздерді аталмыш іс-шараға қатысуға шақырады. Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшідинова ата-аналар балалары оқитын мектепке үлгеру үшін жұмыс берушілерден қызметкерлерді жұмыстан ерте босатуды сұрайды", - деп жазылған хабарламада.
Жалпыұлттық жиналыс күні ата-аналар мектепке келіп, оқу орнының басшылары, сынып жетекшілері және мұғалімдерімен кездесіп, мазалап жүрген сауалдарына жауап алу мүмкіндігіне ие болады.
Айта кетсек, 15 мамырда осымен үшінші жыл жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтеді. Алғашқы жылы жалпыұлттық жиналысқа ата-аналардың 80 пайызы қатысқан.  
sputniknews.kz


13 мамыр 2019 ж. 1 258 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 598 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам