АЙМАҚТЫҚ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

Соның бірі «Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықты болдырмау, қылмыстылықтың, суицидтің, жыныстық азғындатушылықтың алдын алу» тақырыбында №8 П.Д.Осипенко атындағы орта мектеп базасында аймақтық ата-аналар жиналысы өткізілді.
Шараға қалалық білім бөлімінің бас маманы Г.Құдайбергенова, ювеналды полиция басқармасының бастығы Э.Бектемір, полиция майоры Н.Жаукенов, қамқоршылық кеңестің төрағасы Ә.Алдабергенов қатысып, тақырыпқа сәйкес баяндамалар оқыды.
Іс-шара барысында оқушылар бейнесюжет бойынша өз ойларын ортаға салып, қатысушыларға сұрақтар қойып, жауап алмасты.