Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » "Қыдырып келіп, жұмыс істеуге қалып қойған": Қазақстаннан 3,5 мың шетелдік қуылды

"Қыдырып келіп, жұмыс істеуге қалып қойған": Қазақстаннан 3,5 мың шетелдік қуылды

Ішкі істер министрлігі көші-қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары Сабыржан Сейітжанов жыл басынан бері 29 мыңнан астам шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kzтілшісі. 

Alt
«Қаңтар айы мен сәуір аралығында 29 мыңнан аса шетелдік әкімшілік жауапқа тартылды. Оның ішінде 28 мыңнан астамы – Тәуелсіз мемлекеттер достастығы, қалғаны алыс шет мемлекеттер азаматтары», - деп айтты комитет төрағасының орынбасары Сейітжанов. 
Ол аталған азаматтардың ішінде сот шешімімен 3 449 шетелдік елден қуылғанын айтты. 
«Шетелдіктердің көбіне тіркеуден мерзімінде шықпағаны үшін, мүлде тіркеуге тұрмағаны үшін, құжат мерзімі өтіп кеткені үшін жауапкершілікке тартылған. Олардың арасында кейбіреулері Қазақстанға қыдырып келіп, бірақ елде жұмыс істеуге қалып қойған», - деді ол ішкі министрлігінде өткен брифингте.
Оның айтуынша, шетелдіктердің арасында заңды жиі бұзатындар – көршілес Тәжікстан, Өзбекстан, Ресей азаматтары. Көші-қон заңнамасын бұзғандарды Қазақстан аумағынан шығармас бұрын олардың басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі.
21 мамыр 2019 ж. 1 075 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 525 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам