Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қазақстанның азаматы танысы қарызын қайтармағаны үшін 11 жастағы қызын ұрлап кетті

Қазақстанның азаматы танысы қарызын қайтармағаны үшін 11 жастағы қызын ұрлап кетті

Қазақстандық жанұяның танысы қызды бірнеше сағат бойы кепілдікте ұстап отырған. Ол 11 жастағы оқушыны мектептен қайтып келе жатқан кезде ұрлап кеткен. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасап, Stan.kzхабарлайды. 


Адам ұрлағаннан кейін 27 жастағы ер адам оқушының анасына қоңырау шалған. Қыздың әкесі қарызға алған 30 мың теңгені 100 мың теңге етіп қайтарып беруін талап еткен. Әйел полицияға қоңырау шалып, келесі келіссөздерді жедел қызметкерлердің бақылауымен жүргізген.
Полиция қызметкерлері баланы ұрлаған адамның мекен-жайын анықтап, оны қолға түсірді. Ер адам қызбен бірге Алматыдағы ірі супермакеттердің бірінде жүрді. Тұтқындалғаннан кейін ол өз кінәсін мойындады. 
"Күдіктінің аудандағы ірі супермаркеттердің бірінде жүргені белгілі болды. Сол жерде ол қолға түсті. Кәмелеттік жасқа толмаған қыз өз үйіне аман-есен оралды. Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 125 бабы бойынша (Адамды ұрлау) сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр", — деді Қарасай ауданындағы полиция басқармасының аға тергеушісі Самат Сатқанбаев. 
23 мамыр 2019 ж. 1 467 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 525 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам