Алматыда орта жастағы әйел мен жас келіншек көшенің ортасында төбелес шығарды (видео)
Алматыда екі әйелдің төбелесі жұрттың жаңасын ұстатты. Ақпаратқа сүйенсек, әйелдер арасында жанжал көліктен басталған. Жас келіншек пен орта жастағы әйел дүкенге кіретін жолды жауып тұрған көлікке бола төбелес шығарған, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сонда қолына баласын ұстаған жас келіншек көлігін дәл дүңгіршектің алдына қойған әйелге ескерту жасаған. Жас келіншек дүкенге кіретін жолды жапқан көлік иесіне ескерту жасағанымен қатар, көлігін теуіп кетіпті. Сол кезде бұған ашуланған орта жастағы әйел жас келіншекке тап беріп, осылайша әйелдер арасында төбелес басталып кеткен.
Желіде тараған видеода төбелес қатысушыларының бірінің екіншісіне, яғни бұл жағдайды телефонына түсіріп тұрған келіншекке қалай шабуыл жасағаны анық көрсетілген. Әйелдер арасындағы төбелесті сол маңда жүрген адамдар тоқтатпағанда, бұның арты қайда баратыны белгісіз болар еді.
Бірақ, төбелес кезінде көлік иесіне ескерту жасағаны үшін таяқ жеген келіншектің баласы құлап қалыпты. Сонда ол баласының құлағаны үшін әйелді сотқа беретінін айтып, моральдық шығын төлетемін деп, айқалады.
Полиция берген түсініктемеге сүйенсек, 1993 жылы туылған азаматша өзіне тап берген әйелдің үстінен шағып түсірген.
«18 мамырда 1993 жылы туған азаматша 1976 жылғы азаматшаның үстінен шағым түсірді. 1993 жылы туған азаматшаның денесіндегі жарақат расталды. Сондай-ақ, бұл оқиғаны өз көзімен көрген куәгерлерлерден жауап алынды»,- деп хабарлады полициядағылар.