Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Ғалымдар ұл бала күткен жүкті әйелдерге қандай тағамдардан бас тарту керектігін айтты

Ғалымдар ұл бала күткен жүкті әйелдерге қандай тағамдардан бас тарту керектігін айтты

   Картоп чипсы, майонез, өсімдік майы және линол қышқылының көп мөлшерін жеу, басқа да қанықпаған майларды қамтитын өнімдер жүкті әйелдер үшін аса қауіпті. Бұл дәрігерлердің кеңесі.
"Жүкті әйелдерге диетасын қадағалау өте маңызды, біз кей тағамдардың өсіп келе жатқан сәбидің денсаулығына және өміріне кері әсерін тигізетінін тағы бір рет көрсеттік", - деді Австралияда университет қызметкері Дианн Скелли.
Бүгінде көптеген ғалымдар диета мен кейбір тағамдардың адамның салмағына ғана емес, миының, қан тамырларының, жүрек және басқа да негізгі органдарына әсер етеді деп санайды. Атап айтқанда, жақында дәрігерлер көп мөлшерде зәйтүн майын ішу және Жерорта теңізінің тағамдарынжеудің инсульт пен жүрек ауруына елеулі түрде азайтатынын анықтады. Азық-түлік өнімдерінде тым көп мөлшерде тұздың болуы керісінше, жүрек және қан тамырларға нұқсан келтіретінін көрсетті.
Жақында зерттеушілер диета, жаман әдеттер және салауатты өмір салтын ұстанбаудың жүкті әйелдің және оның құрсағындағы баласының денсаулығына қалай әсер ететініне қызығушылық танытты.
Мысалы, тышқандарға жасалған зерттеуге сәйкес, балық майы баланың түсіп қалуынан сақтайды. Ал, темекі шегу бұл мүмкіндікті екі есеге арттырады.
Скелли және оның әріптестері жүкті әйелдер мен эмбриондардың денсаулығына өсімдік майларында және майонезде бар омега-6 майларының, қанықпаған май қышқылдарының қалай әсер ететінін  буаз егеуқұйрықтарға жасалға зерттеумен анықтады. Ғалымдар бұл тағамдарға қызығушылықтың соңы артық салмаққа, қабынудың дамуына ықпал ететін әртүрлі сигнал молекулаларының деңгейін айтарлықтай арттыратынын көрді.
Қабыну кез-келген жағдайда жүкті әйелдің денсаулығын әлсіретуі мүмкін, бұл жүктілікті қоздырып, ұрықтың дамуының кешігуіне әкеледі. Австралиялық биологтар бұны іс жүзінде кеміргіштерді қалыпты тағамға қарағанда шамамен 5 есе көп лимнол қышқылымен қамтылған диетаға отырғызу арқылы тексерген. 
Ең қызығы, "Батыс" диетасы аналогына көшукеміргіштердің жынысына өте қатты әсер етті. Белгісіз себептермен еркек эмбриондарының үлесі 16 пайызға азайған, ал ұрғашылар саны өзгерген жоқ.
Ғалымдардың пікірінше, бұл еркектерінің торлары күйзеліс жағдайына төзе алмайды. Қанықпаған май қышқылдарының қауіп-қатері мен басқа да жағымсыз қасиеттерін ескере отырып, ғалымдар барлық жүкті әйелдерге, әсіресе ұл күткен аналарға, омега-6 майының көп мөлшерде жемеуге кеңес береді.
27 мамыр 2019 ж. 1 193 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 449 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам