ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ДАСТАРХАНДАҒЫ ЕҢ ЗИЯНДЫ ТАҒАМДАРДЫҢ ТІЗІМІ ЖАСАЛДЫ
Жаңа жыл мерекесінің қарсаңында диетологтар қандай тағамдардан сақ болу керектігін айтты. Бұл туралы segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған
хабарлайды.
хабарлайды.
Мамандар жаңа жылдық дастархан кезінде бауыр, жүрек пен асқазанға ауыр күш түсіретін тағамдардың тізімін жасады.
Мұндай тағамдардың қатарында икрамен жасалған бутербродтар, қуырылған немесе қақталған ет, майонез қосылған салаттар бар. Егер мұның бәрі алкогольмен бірге қолданылатын болса, асқазанға одан әрі ауыр болмақ.
Сол себепті, диетологтар жаңа жылдық дастарханнан тым майлы, ащы және тым тәтті тағамдарды алып тастауға шақыруда.
Колбасаның орнына пісірілген ет пайдаланып, майонездің көлемін азайту керек немесе йогуртпен ауыстырған дұрыс.
Сондай-ақ, жаңа жылдық дастархандағы жеміс-жидектер мен көкөністердің мөлшерін арттырған жөн. Мамандар жаңа жылдық кештен соң тоңазытқышта бірнеше күн тұратын салаттарды жеу өте қауіпті екенін айтты. Бұл түрлі улануға жол ашады екен.