Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Ғалымдар қандай әйелдердің ең бақытты екенінайтты

Ғалымдар қандай әйелдердің ең бақытты екенінайтты

  Ұлыбританиялық ғалым жүргізген зерттеуінің нәтижесімен бөлісті. Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебінің профессоры, психолог Пол Долан ең бақытты адамдарды атады, деп хабарлайды The Guardian.
Ғалым тұрмыс құрмаған жандардың бақытты болатынын айтты. Ол арнайы зерттеу жүргізген. Нәтижесінде Пол Долан адамдардың көбі жұбайы жанында болған кезде ғана бақытты екенін айтады деген қорытынды жасады. Бірақ отбасын құрып, бірге тұрған кезде тек ер адамдардың ғана өмірінде жақсы өзгеріс болады екен.
"Олар отбасын құрған соң, тәуекелге жиі бармайды. Өмірлері тыныш болады, ақшаны көбірек тауып, ұзақ өмір сүреді", - дейді профессор.
Ал әйелдердің өмірі, керісінше, тұрмысқа шыққан соң қиындай түседі. 
"Оларға өзінен гөрі өзгелердің жағдайын жасауға тура келеді. Көп нәрсеге көз жұмып, үндемеуге тырысады. Мұның салдарынан өмірлері қысқарады", - дейді Пол Долан.
Ғалым күйеуге шықпаған әйелдердің өздерін бақытсыз санауының тек бір ғана себебі бар екенін айтты. Өйткені қоғамда отбасын құрған адам табысты, ал жанұясы жоқ адам бақытсыз деген пікір қалыптасып қалған.
sputniknews.kz
29 мамыр 2019 ж. 1 481 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 203 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам