Головкин "Канеломен" үшінші жекпе-жегі қашан өтетінін айтты

"Бұл күрестің қыркүйек айында болатындығына сенемін. Мүмкін, дәлсол айда болады. Сонымен қатар, қыркүйекте Мексиканың Тәуелсіздік күні. Бұл - үлкен мереке. Неге болмасын? Егер орын туралы айтатын болсақ, мен "ескі мектеп", Madison Square Garden-ын қалар едім. Оның командасы Невада, Лас-Вегасты жақсы көреді. Бізде Даллас, AT&T Stadium бар. Джерри Джонс боксты жақсы көретінін білемін! Бірақ бәрі бизнеске байланысты шешіледі", - деді Головкин.
Еске салайық, Головкин мен Альваресдің бірінші және екінші жекпе-жегі қыркүйек айында, Мексиканың Тәуелсіздік күнінде өткен еді.
Айта кетейік, 8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында Головкин Стив Ролсспен айқасады. Бұл жекпе-жек DAZN-мен үш жылдық келісім-шарт бойынша бірінші айқас болмақ.