Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЖАҢАРУ ЖОЛЫНДАҒЫ ЖОБАЛАР ЖЕМІСІ

ЖАҢАРУ ЖОЛЫНДАҒЫ ЖОБАЛАР ЖЕМІСІ

   Қашаннан Сыр халқы небір қиындықтарды еңбекпен жеңгені белгілі. Соның арқасында көсегеміз көгеріп, керегеміз кеңейді. Біздің бүгінгі шырайлы шаһардың келбетінен сол еткен еңбектің табысы мен жемісін көруге болады. Айтатыны жоқ, соңғы 3-4 жылдың көлемінде Ақмешіт ғажайып шаһарға айналды. Соңғы жылдары ауқымды да маңызды жобалар мен тың бастамалар жүзеге асырылды. Қала дамыды, өсіп-өркендеді. Барлық салалар қалыпты жұмыс жасап, өсім артты. Мұның барлығы – нақты істердің жемісі. Айталық, биыл жыл басында қала бюджеті 30 млрд. теңгеден астам көлемде бекітілсе, қазір бұл 41 млрд. 571 млн. теңгені құраған.
Үстіміздегі жылы Сыр өңірінде негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 68 млрд. 665 млн. теңгеге артса, оның 48,3 пайызы қаланың үлесінде екен. Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулар нәтижесінде ауылшаруашылық саласында өсу қарқыны жоғарылаған. Мәселен, «Агорбизнес-2020» шеңберінде «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламалары жүзеге асырылып, оның жұмыстары қарқын алуда. Осы арқылы тұрғындарды ет, сүт, тағы басқа да өнім түрлерімен қамтамсыз ету жағы жанданып келеді. Аталмыш бағдарламалар бойынша мал сатып алу жоспары да іске асырылған. Атап айтқанда, несиелендіру арқасында «Сыбаға» – 118 бас мүйізді ірі қара, «Құлан» арқылы 89 жылқы, «Алтын асық» бойынша 462 уақ мал сатып алынған. Қазақ қашанда малсыз жүрмеген. Оның бабын тауып, далаға төрт түлігін түлеткен. Берекенің бастауы саналатын төрт түліксіз қазақ отырмаған. Бүгінде қалаға қарасты ауылдарда мал саны артып, егін көлемі ұлғайды. Ауыл берекесі артып, тірлігі түзуленді. Сонымен қатар, «Береке» мен «Ырыс» несие беру бағдарламалары бағытымен 30-дан астам тұрғын 410 млн. 500 мың теңге несие алып, кәсібін ашып, шағын және орта бизнесін өрістетуде. Осылай берекелі жұмыстар жандана түскен. Бұның барлығы тынымсыз тірлік пен ізденістердің нәтижесі.
Баяғыда Арқа мен Сырдың елге белгілі беделді екі бай азаматы қыр жақ беттегі жазиралы жайлауда бастары қосылып қалыпты. Ақ ордалы он екі қанатты ақ үйде сапырылған сары қымыздан алып отырып, бір-бірлерінен елдерінің амандығын сұрасып, өсіп-өркендеуі жайын сөз етіпті. Сонда Сыр бойының байы атан қымыздың әсерінен сәл мақтанып кетіп: «Құдайға шүкір, біздің жақтың жағдай өте жақсы. Жақсы болғаны сол, адамдарымыз тамақтарын жастықта жантайып жатып ішетін халге жетті. Айтқаныңызға қарағанда, сіздердің жағдайларыңыз мәз емес-ау?» депті. Бұл айтылған сөзге сеніп қалған Арқаның байы келер жылы «Сырға барсақ жастықта жантайып жатып тамақ жейді екенбіз» деп, біздің жаққа қоныс теуіпті. Бір күні сол баяғы еш өзгермеген тірлігіне ренжіген бай ағайындарының алдында ұятқа қалып, өзінің досына келіпті. Содан «Оу, Байеке, «біздің ауылдың адамдары жастықта жантайып жатып тамақ жейді дегеніңіз қайда? Қайта, сіздің елге келгелі менің ағайындарым күндіз-түні бейнеттен сүрнігіп өлетін болды? Кешке үйлеріне зорыға келіп, жастыққа әрең шынтақтай жатып тамақтарын ішіп, ұйықтап қалатын болды» депті. Сонда Сырдың байы еш саспастан «Дұрыс айтасыз. Күндіз қолы жұмыстан босамаған адам кешке үйге келгенде, тамақтарын жастықта шынтақтап жатып ішіп, ұйықтамағанда қайтеді? Мен де саған соны айтқан болатынмын» депті. Мінекей, еңбек еткеннің мерейі үстем, абыройы асқақ, беделі биік болары осы бір тағылымды әңгіме екі байдың сөзінің астарынан аңғарылса керек.
Бүгінгі шаһардың шырайлана түсуі, дамуы, өркендеуі, сәулеттенуі осы тынымсыз еңбек пен тың жобалардың жүзеге асырылуының арқасы болса керек. Қаладағы 251 шаруа қожалықтардың ұйымдасуының нәтижесінде ауыл шаруашылық өндірістік кооперативін құрған. «Біріге еңбек еткен елдің берекесі тасиды» деген нақылды ұстанған шаруагерлердің жұмыстары бүгінде елдің молшылығын арттырып, табыстарға бастауда. Жеке кәсібін жандандыра жүргізген кәсіпкерлердің саны жыл өткен сайын артып келеді. Бүгінде 25 мыңнан астам шағын кәсіпкерлік нысаны тіркелген. Кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау әрқашанда төмендемесі анық. Тың жобаларды жүзеге асыру білудің өзі ізденістерден тұрады. Сонда ғана ол өз жемісін бермек. Уақыт талабының өзі бір жерде тұрып қалмай, үнемі ізденісті қажет етеді. Осы тұрғыда шағын және орта кәсіпкерліктің 10 жобасын қаражаттандыру «Даму-Аймақтар» бағдарламасы аясында қолға алынса, ал 21 жоба қолдауға ие болған.


К. ЕРІМБЕТОВ.
21 қараша 2017 ж. 1 665 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам