Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша зерделеу шарасы жүргізілді

Төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша зерделеу шарасы жүргізілді


Қызылорда қалалық мәслихаты 6-шы шақырылымының маусым айында өткізілетін кезекті сессиясының күн тәртібінде «Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардан қорғау бағытындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру барысы» талқыланады.
Аталмыш мәселеге байланысты ұсыныс-пікірлерді жинақтау мақсатында депутаттардың қатысуымен қала көлеміндегі төтенше жағдайлардың алдын алу арналған нысандарда зерделеу жұмыстары мен қаланың шет аймақтарында тұратын тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Депутаттар бүгінгі күні шешімін табуды қажет ететін басты мәселенің бірі қала аумағындағы төтенше жағдай кезінде пайдаланылатын су гидранттарының жай-күйімен танысты. Қала көлемінде 2199 өрт сөндіру гидранттары бар. Ауыстыруды қажет ететіндері бойынша ұсыныстар жолданатын болады.
Келесі нысан «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК болды. Бұл мекемеде мемлекеттік емес өрт сөндіру қызметі құрылған. Қажетті құрал жабдықтармен қамтылғанымен ескірген, жөндеуді қажет ететін техникалар бар екендігі анықталды.
Қалалық мәслихат депутаттарының назар аударған мәселе суға түсу маусымындағы суға кету фактілерінің жиі орын алуы. Бұл тұрғыда Сырдария өзенінің жағалауындағы рұқсат етілмеген жағажайлардың мәселесімен танысты. Мұндай орындар қала аумағында 26 тыйым салынған аймақ ретінде саналады. Бұл жағажайларға төтенше жағдайлар қызметімен және жергілікті полиция қызметінің кезекшілігі қойылған. Қала әкімдігі тарапынан суға түсуге болмайтын аймақ ретінде көрсетілген тақтайшалар орнатылған. Дегенмен, тұрғындарға ескертілгенімен рұқсат етілмеген аймақтарда суға түсіп, қайғылы жағдайларға ұшырауы орын алуда. Жыл басынан бері қала бойынша 5 адам суға кетсе, оның 3-і кәмелет жасына толмаған жасөспірімдер.
Бұдан бөлек қалалық мәслихаттың депутаттары қалалық төтенше жағдайлар басқармасымен бірлесіп, тұрғындарға тұрмыстық өрт оқиғаларының алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында Ақсуат елді мекеніне барды. Бұл ауылдық округте
2019 жылы 7 өрт оқиғасы орын алған.
Жылыту пештерін пайдаланатын тұрғын үйлерде өрт және көмірқышқыл газына улану деректерінің алдын алу мақсатында газдандыру кезеңіне дейін көмірқышқыл газына қарсы автономды көміртегі тотығы датчигін орнату қажеттілігі түсіндірілді.
Барлық мәселелер жинақталып, ұсыныс-пікірлер алдағы кезекті сессияда депутаттар және жергілікті атқарушы орган өкілдерімен талқыланатын болады.
16 маусым 2019 ж. 1 152 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам