ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ
Жаңақорған ауданы ТЖБ азаматтық қорғау Гарнизонының қызметкерлері 2017-2018 жылда жылу беру маусымындағы төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында №169 Н. Илялетдинов атындағы орта мектебі, №51 М. Қаратаев атындағы орта мектебі, №110 мектеп-лицейінің жоғарғы сынып оқушылары мен аграрлы техникалық колледжінің студенттеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында облыс көлемінде орын алған тұрмыстық өрттер мен көмір қышқыл газынан улану факторларына тоқталды және төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында кең көлемде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, арнайы дайындалған «Тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі шаралары жөнінде», «Газ қауіпті» тақырыптарында үнпарақтар таратылды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институтының күндізгі оқу бөліміне оқуға шақыру мақсатында қосымша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.