Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қолында пышақ болған: БҚО-да төбелес шығарған екі полицей қызметінен қуылды

Қолында пышақ болған: БҚО-да төбелес шығарған екі полицей қызметінен қуылды

Батыс Қазақстан облысының полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы желіде тараған полицейлердің төбелесінің видеосына қатысты тексеру жүргізді.Қолында пышақ болған: БҚО-да төбелес шығарған екі полицей қызметінен қуылды
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Мой ГОРОД» порталына сілтеме жасап хабарлайды. 
Куәгерлер полицейлердің төбелесін видеоға түсіріп алып, желіде таратып жіберген. Видеода азаматтық киімдегі екі ер адамның көлікте отырған полицейге тап бергені көрінеді. Төбелес кезінде олардың бірінің қолында пышақ болған.
«Төбелескендердің екеуі полиция қызметкері екені анықталды. Тексеру барысында анықталғандай, екі қызметкердің арасында аяқ астынан дау туындаған. Оған бір-біріне деген жақтырмаушылық қарым-қатынасы себеп болыпты», - дейді облыстық полиция департаментіндегілер. 
Департаменттің тәртіптік комиссиясы тексеру жүргізгеннен кейін, полиция қызметкерлерін ішкі істер органдарындағы қызметінен босату туралы шешім қабылданды.
17 маусым 2019 ж. 1 494 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам